Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23, 24 және 25 тамыздағы ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, бұл солтүстік өңірлерлерде күннің жылынуына әсер етеді.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп және тұман түседі», — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • күндіз батыста +30+35 градус,
  • солтүстік-батыста +23+33 градус,
  • республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін,
  • орталықта +15+22 градустан +20+31 градусқа дейін,
  • шығысында +13+21 градустен +20 +28 градусқа дейін көтеріледі,
  • елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32 градус,
  • оңтүстік-шығысында +20+28 градус.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...