12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяқтықтың алдын алу басты мақсат!

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық қылмыстарының саны артып барады. Алаяқтыққа – алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықтық иемдену қылмыстары жатады. Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Күн сайын ғаламтор немесе әлеуметтік желіде алаяқтықтың түрлі жолдары пайда болып, халықты сан соқтыруда. Сондықтан үнемі алаяқтықтың алдын алу жолдарымен халықты құлақтандырып отыру парыз.
Қазіргі таңда алаяқтық қылмыстарының алдын алу үшін елімізде түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық əрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн», деді. Президенттің өзі бұл мәселеге назар аударғанына қарап ақ елімізде алаяқтық қылмыстарының қалай кең тарап кеткенін бағамдауға болады.
Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. «Қулығына құрық бойламайтындар» сан соқтырып кетпеу үшін барынша сақ болып, алаяқтың құрбаны болмауға тырысу қажет. Интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшін жеке құжаттағы және банк картасындағы мәліметтерді, аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді оңды-солды таратуға жол бермеу керек. Жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілердегі «карта нөмірін енгізіңіз» деген орындарға жазуға болмайды. Тіпті ғаламторда жеке суретті де тарата бермеу керек. Интернеттен қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Play Market-ті пайдалану керек, күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажет. Төлем жасау үшін картаның 16 саны жеткілікті. Ал CVV-код, код сөз, ЖСН және басқа да деректерді сұрап жатса, алаяқтар болуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше жеке деректерді ғаламторға беталды енгізуден сақ болыңыз.
Атап өтер жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Яғни әлемнің келесі бір шетінде отырып, сіздің қалтаңызды оп оңай сыпыруы мүмкін. Сол себепті қылмыстың бұл түрін ашуға айтарлықтай уақыт жұмсауға тура келеді. Бұл сәтте алаяқ із жасырып кетуі де мүмкін. Сондықтан ең алдымен өзіңізге сақ болыңыз.
К. М. Мекемтас, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...