12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяқтық өршіп тұр

Елімізде алаяқтық деректері өршіп барады. Тіпті алаяқтар құрық бойламайтын қулықтарын түрлендіріп аңқау халықты уысына түсірудің түрлі әдіс тәсілдерін тауып алуда. Әсіресе алаяқтық деректерінің ғаламтор арқылы жасалатын түрлері күрт көбейген. Несие алуға өтінім бермесек те мойнымызға қарыз ілінуі әбден мүмкін. Ішкі істер министрлігі соңғы бес жылда мұндай қылмыстардың саны бес есе өскенін мәлімдеді. Сондықтан алаяқтықтың алдын алуға тиісті құзырлы орындар барынша тырысып, азаматтар да өз тарапынан барынша сақ болу қажеттілігі сезіліп отыр.

Негізі банктік операциялар мен жеке деректерді сақтау салаларында бақылауды күшейту жұмыстары барынша жүргізілуде. Халықпен де қаржылық сауаттылықты арттыру шаралары жасалып жатыр. Соның бір айғағы жақында елімізде кәмелетке толған әрбір азаматы алты ай ішінде банктік несие мен шағын несие алудан өз еркімен бас тарту жүйесі іске қосылды. Яғни алаяқтың сыртыңыздан несие рәсімдеу мүмкіндігі мүлдем жоғалады десе де болады. Ол үшін электронды үкімет порталында тіркелу және ЭЦҚ қажет. Бас тарту функциясының күшін жою да азаматтың өз қолында. Процесс толығымен цифрландырылған. Сондай ақ елімізде IT полиция жүйесі де іске қосылып жатыр.

Әйтсе де көп жағдайда алаяқтыққа халықтың өзі кінәлі болып жатады. Интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшін жеке құжаттағы және банк картасындағы мәліметтерді, аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді оңды-солды таратуға жол бермеу керек. Жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілердегі «карта нөмірін енгізіңіз» деген орындарға жазуға болмайды. Тіпті ғаламторда жеке суретті де тарата бермеу керек. Интернеттен қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Play Market-ті пайдалану керек, күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажет. Төлем жасау үшін картаның 16 саны жеткілікті. Ал CVV-код, код сөз, ЖСН және басқа да деректерді сұрап жатса, алаяқтар болуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше жеке деректерді ғаламторға беталды енгізуден сақ болыңыз.

Түйіп айтсақ, интернет алаяқтықтың жолын кесу үшін алдымен халық сауатты болуы керек.

Айгүл Тойғамбаева, Алматы қаласы Әуезов аудандық соты Әкімшісінің басшысы

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...

Тіл ел байлығы

Тіл -  басты байлығымыз, ол қай ұлтта, қай елде...

Новые изменения в Уголовном кодексе: важные моменты и их значение

5 июля 2024 года Парламент Республики Казахстан принял важный...

Когда может понадобиться административный иск?

Административным процедурно-процессуальным кодексом, действующим в Казахстане с 1 июля...

Жемқорлықты жеңу басты мақсат!

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...