12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛАЯҚТА АР-ҰЯТ БОЛМАЙДЫ

Өзінің депутаттық сауалында Ринат Зайытов: «…Халықты алаңдатқан мәселенің бірі – «Онлайн алаяқтық». Жаңа кезеңге жылдам бейімделген жылпос алаяқтар күн сайын қорғансыз халықтың шотындағы ақшасын ұрлап қана қоймай, мыңдаған адамның атына сырттай несие рәсімдеп, онсыз да зорға жүрген қарапайым халықты зарлатуда» деп құзырлы органға салмақ сала сөйлеген болатын. Депутаттың айтуынша көптеген алаяқтық фактілеріне не банк, не жергілікті орган өкілдерінің себепкер болғаны дәлелденген. Мысалы: Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері мүгедектігі бар, зейнеттегі 90 адамның шотындағы ақшасын жымқырған. Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында да банк қызметкерлерінің азаматтардың жеке мәліметіне қол жеткізуге көмектескені жөнінде фактілер анықталған. Ринат Зайытовтың мәлімдеуінше, республика көлемінде биыл қаңтар, ақпан айларында кибералаяқтықпен банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 250-бабы бойынша 15 іс, 254-бабы бойынша 17 іс қозғалған.

Осы мәселені зерделегенде банкке қатысты сонау 1995–1996 жылдардағы шырғалаңға ілініп, күндіз ойдан, түнде ұйқыдан арыла алмай уайымдаған оқиғаны, басқаларға сабақ болсын деген мақсатпен айта кеткенім артық болмас.

Сол кезде Талдықорған қаласында «Дара» атты жеке шағын кәсіпорын ашып, бизнесімді соншалықты дүрілдетіп жібермегеніммен, әжептәуір тіршілік жасап жүрген едім. Үштөбе қаласына қосағымның қызмет бабына байланысты көшіп келген соң, тауар айналымын ұлғайту мақсатында сол жердегі «Игілік банк» филиалының басшысы Қантай Құдабаевадан несие сұрап бардым. Ол сөзге келмей келісті. Келіскенін қайтейін, оның өз есебі мықты екен, кредитті ақшалай емес, ұнмен бергені. Мен: «Қазір саудада ұн көп, оған сұраныс жоқ, алмаймын» дегеніме ол жыларман болып, қатты жалынды. «Бақандай бір банктың тұтқасы қолымда ғой, ол ұнды клиенттеріме кешіктірмей өткізіп беруге уәде етем» деп, мені сендірді. Әйел затының өтініші мен көз жасына әлсіздік танытатын әдетіммен келісім бердім. Келіскенім құрысын, бір жағымнан тауар өтпей діңкелетсе, несиені қайтарудың мерзімі екінші жағымнан қысып, шақшадай басым шарадай болды. Айыр қалпақты қырғыз бауырлардың еліне, «өз ағамыз» өзбектердің жеріне барып «Тәшкен көрдім». «Мен ұрлық қылғанда, ай жарық болды» демекші, менің тұсымда барлығы не қылып тоғайып қалғанын, әйтеуір сауда жүрмей, бизнесім тұралап қалды. Тұраламай қайтсін, 30 тонна ұнымнан бір жағынан тышқан жырмыштап жеп, сақтауға қойған қойманың жалдау ақысы, жанымдағы көмекшім екеуміздің анда-мында шапқылауымызға кеткен шығындардың ұлғаюы жағдайымызды нашарлатты. Қантай Құдабаева банкирден де еш қайыр болмай, «іс бітті, қу кетті» демекші, ол да тайқып шықты. Құдіретті құдайым менің қиналғанымды көрді ме, тап сол тұста еліміздің «Банкроттық туралы» заңы жарқ етіп шыға келгені! Амалсыздан Алматы облыстық экономикалық сотының төрағасы Серік Тұржановқа ЖШС-ны «банкрот деп тану» туралы өтінішімді барлық есеп-қисабыммен апарып өткіздім. Бір ай шамасы өткенде, шағын мекемем банкрот деп танылған сот шешімі шықты. Облыстық истанцияға кассациялық тәртіппен жазған Құдабаеваның өтініші қанағаттандырылмай, шешім өз күшінде қалды. Сөйтіп, кредит жөнінде банктерге енді жоламастай болып, жанымның қалғаны бар.

Ал қазіргі алаяқтардың қулығына тіпті құрық бойлар емес. Сондықтан, кез келгеннің сөзіне сеніп, күмәнді ұсыныстарға бас шұлғи бермей, құжаттардың заңдылығына көз жеткізген абзал.

Ғабдул-Сәбит ЮСУПОВ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Кітаптың бірінші бөлігінде жасанды интеллект ұғымы, оның жұмысы, қолдану...

Алматы облысында алғаш рет шок-толқынды терапия әдісі қолданылды

Қарасай аудандық көпсалалы клиникалық ауруханасында инфаркт және инсульт ауруларының...

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті №21 мекеме қызметкерлері «Семей...

Озари своим лучем великий праздник Наурыз

Сотрудники Учреждение №21 ДУИС по области Абай...

Абай облысының әйелдер колониясында мәдениет және ұлттық дәстүрлер күнін атап өтті

Әйелдер колониясында 300-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр, олар...