12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алаяққа алданып қалмаңыз

Соңғы кездері елімізде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Алаяқтық әр саладан кездеседі. Бірақ айналып келгенде бәрінің мақсаты біреу. Олар уақыт ағымына қарай алаяқтық әрекеттерін де тез түрлендіріп отырады. Соның айғағы елімізде ғаламтор арқылы онлайн түрде, әлеуметтік желілер арқылы халықтың сеніміне кіретіндер көбейіп барады. Шын мәнінде алаяқтар өте қауіпті. 

Алаяқтықтың негізгі принципі — өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Ал мұны алаяқтар өздеріне тиімді пайдаланады. Біріншіден, оңай алданып қалғанына арланады, екіншіден, арыз түсіргеніммен ештеңе өнбейді деп есептейді. Үшіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеуді қажет етеді. Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік ұғымы туралы әңгіме болмайды. Бар мақсаты құрбанын барынша үптеп қалуды көздейді. Олар өз әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы іске асырады. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Сондықтан оңай олжаға қызықпаңыз, құнықпаңыз! Алаяқтар сонымен қатар, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен әртістік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айлакерлігі басым адамдар болып келеді. Әдетте олар таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудыруға барын салады. Сондықтан айлакерлердің құрбанына айналатындар жетерлік.

Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар да жатады. Ғаламтор жүйесінде алаяқтар көп. Қылмыскерлер поштаға автокөлік, сыйлық ұтып алу туралы түрлі хабарлама жіберіп, қаражат сұрайды. Ал оны алу үшін салық аударуды сұрайды. Халық сеніп, ақша аударып, алданып жатады. Онымен қатар қазір дамып жатқан интернет-дүкендер. Адам тауарға тапсырыс береді. Ал ол тауар не болмайды, не сапасы төмен болып шығады. Алаяқтықтың тағы бір түрі — жалған ауруды айтып, қаржы жинау. Адамдар жаны ашып, жалған шоттарға ақшасын аударады. Бұл қылмыскерлер IT мамандары арқылы әшкереленіп, ҚР ҚК сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондықтан өз құқығыңызды қорғаудан тартынбаңыз! Қорыта келе айтарымыз алаяқтың әдісі көп, мақсаты біреу. Оңай ақшаға алданып, өзіңіздің көп қаражатыңыздан айрылып қалмаңыз!

Сейдахметов Максат Канымбекович, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...