12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяқтық жазасы күшейтілуде

Мемлекет басшысы алаяқтарға ешқандай жеңілдік жасалмауы керектігін үнемі ескертеді. Бұл ретте елімізде қылмыстық заңдар барынша қатайтылуда. Сондықтан, азаматтар өздерінің әрбір әрекетінде абай болулары керек. Соңғы жылдары интернет алаяқтары белең алды. Мысалы, алаяқтар телефон арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін ұрлайды немесе  түрлі айланы қолданып, адамның өзінен банктік карталары туралы құпия ақпараттарды біліп алады. Телефон алаяқтары жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.  

Олардың қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмірлерінің көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін SIP телефония сияқты бағдарламалық құралдарды пайдаланатынын ресми мәліметтер көрсетіп отыр. Алаяқтар жәбірленушіге  картасынан ақшаны шығару әрекеті болғанын хабарлап, жеке кабинетінен құпия сөзді өзгертіп, жаңа пароль мен SMS кодын енгізу қажеттігін айтады. Есте ұстарлығы, банк қызметкерлерінің сізге қоңырау шалып, мұндай әрекет жасауға құқығы жоқ. Осы себепті, мұндай жағдай орын алғанда олардың сұрақтарына жауап бермеген абзал. 

Ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстыратындар да бар. Олар балаңыздың, бауырыңыздың, т.б. жақын адамыңыздың үстінен арыз түсіп, аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергеу жүріп жатқанын, оны құтқаруға көмектесетінін, бұл үшін ақша қажеттігін  айтуы мүмкін. Мұндай қоңырауларға сенуге мүлде болмайды. Өйткені,полиция қызметкерлері дәл осындай хабарландырумен, яғни, күдіктіге көмектесу ниетінде ешқашан да қоңырау шалмайды.  Әр мәселенің байыбына бармай тұрып, қоңырау шалған адамның айтқанын істеуден абай болған жөн.

Заманауи технологиялардың көмегімен алаяқтар әңгімелесушілермен белгілі бір сценарийлер немесе аудио жазбалар бойынша «байланысатын» дауыстық роботтарды пайдаланатынын естен шығармаңыздар. Олар осы арқылы ЖСН, жеке басын куәландыратын құжат нөмірін, банк картасы, сондай-ақ, SMS код сияқты маңызды мәліметтерді алуды көздейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік тілде сөйлесіп, байланысты бірден үзу керек. 

Өздерінің қылмыстық әрекеттеріне дропперлерді пайдаланатын алаяқтар көбейді. Дроппер ұрланған немесе заңсыз жолмен табылған қаржыны алаяқтарға қолма-қол ақшаға айналдырып беруші адам. Алаяқтар дропперге бұл көмегі үшін белгілі бір мөлшерде ақша төлейді. Кейбір адамдар мұндай көмекте өзінің қылмыстық әрекетке қатысып жатқанын білмей де қалады. Ғаламтор алаяқтарының азаматтардың аңқаулығын тиімді пайдалануының бір дәлелі осы дропперлік. Мәселен, кездейсоқ адамдардың шотына ірі көлемде ақша аударып, артынша оның қате аударылғанын айтып, қайтаруын сұрайды. Сондықтан, ол қаржыны кері аударуға асықпай, банкке жүгінген абзал. Алаяқтардың ақшаны жіберілген шотқа емес, басқа бір шотқа аударуды сұрауы олардың қылмыстық әрекеттерін білдіреді. 

Ел тарихында алғаш рет дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Яғни, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Соған орай, ҚР Қылмыстық кодексі 232-1, 233-1 баптарымен толықтырылып, бұл заңдылық қыркүйек айының екінші жартысынан бастап күшіне енеді. 

Жалпы айтқанда, Қылмыстық кодекстің 190-бабымен  алаяқтарды бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  

Дастан Әлмағамбетов,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Молодежь осваивает профессии 

В Доме дружбы областного центра Семей члены Ассамблеи народа...

Послание Президента 2024: Диверсификация экономики и $150 млрд прямых инвестиций

В Послании «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост,...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: экономиканы әртараптандыру және $150 млрд тікелей инвестиция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,...

Послание Президента 2024: Диверсификация экономики и $150 млрд прямых инвестиций

В Послании «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост,...

Путь к устойчивому развитию

В ЭТОМ ГОДУ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ОТМЕЧАЕТ 30-ЛЕТНИЙ ЮБИЛЕЙ СВОЕЙ...