Алаяқтық асқынып тұр

Алаяқтық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық технологиялардың дамуы, интернет пен мобильді банкингтің кең таралуы алаяқтарға жаңа мүмкіндік ашты. Олар әртүрлі тәсілмен сенімге кіріп, қарапайым адамдардың ақшасын, жеке деректерін қолды етуде. Сондықтан, бұл қауіпке бейжай қарауға болмайды.

Бұл қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қудаланады. 

Алаяқтықтың кең таралған түрлері:

1. Банк қызметкері болып қоңырау шалу

2. «Сыйлық ұтып алдыңыз» деген хабарламалар

3. Жалған интернет дүкендер

4. Таныстарыңыздың аккаунты арқылы жазу

5. Жұмыс немесе виза ұсынатын алаяқтар

Алаяқтық тек материалдық шығынға ұшыратпайды, сонымен қатар адамның психологиялық және моральдық күйіне де зиян келтіреді. Көптеген адамдар сенгені үшін өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтады, алаяққа алданып қалғанын мойындаудан ұялады.

Алаяқтардан сақтану жолдары:

-Бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауға абай болыңыз.

-Жеке деректерді ешкімге айтпаңыз.

-Құпия сөздеріңізді жиі ауыстырып отырыңыз.

-Банк қосымшаларын тек ресми дүкендерден жүктеңіз.

-Күдікті сілтемелерге өтпеңіз.

Жұлдыз Маубасова, Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы 70-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында...

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...