«Қалаулымдық» Камила: Бір жылда екі үй, екі көлік алдым

Қалаулым бағдарламасы арқылы көпшілікке танылған Камила бүгінде аяулы ана асыл жар атанып отыр. Өз жасындағы жетістікті өте жоғары деп бағалайды. Қарапайым студент қыз бүгінде жс миллионер атанып отыр.

Бұл туралы «Ойбай шоу» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Камила көпшілікке көгілдір экран арқылы таныс. Ол «Қалаулым» бағдарламасының белсенді қатысушы болды. Бағдарламадан соң да желіде белсенділік танытып келеді. Қазір 1 миллион 600 қатысушысы бар. Желі арқылы жақсы табыс табады. Тіпті бір жылда екі үй, екі көлік алғанын жасырмайды. Бұны жастарға мотивация болсын деген ниетпен айтты.

«Мен «Қалаулымға» хайп үшін барған адам емеспін. Себебі, ол кезде хайп деген жоқ болды. Хайптың не екенін білмейтінмін. Өмірлік жарымды кездестіру үшін бардым. Бірақ бағдарламадан кеткенде менің 90 мың жазылушым болды. Қазір 1 миллион 600 мың адам бар. Қалаулымға рахметімді айтамын. Менің бүгінгі жетістікке жетуіме себепші болғаны жасырын емес. Бір жылда екі үй алдым. Екі көлік алдым. Бұл менің жасымда өте жоғары көрсеткіш деп ойлаймын. Алматыда анам мен әжеме үш бөлмелі үй алып бердім. Тұрмысқа шықпай тұрып Қапшағайдан бір үй алдым. Екі көлік алдым. Қазіргі көлігімнің бағасы 13 миллион тұрады», — деді Камила.

Камила желі арқылы табыс табу үшін оның талаптарын білу керек дейді. Бастысы оқырмандарынмен шынайы болу керек.

«Шынайы болсаң, саған жазылған еш оқырман шығып кетпейді. Олар шынайылықты жақсы көреді, жылағым келсе, жылаймын, қуанып тұрсам оны айтамын. Мені де оқырманы сол үшін жақсы көреді деп ойлаймын. Одан бөлек сториге тұрақты, күнделікті видеоларды салып тұру керек. Архивтегі емес, жаңа сурет-видеоларды жүктеу керек. Қазір желідегілер постты оқымайды, сурет не видео қарайды. Арнайы контент жасау керек. Бұл 24 сағаттық жұмыс», — дейді Камила.

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті

Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы...