12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қаладан ауыл қалмаса екен….»

«Әлемдік пандемия елді әуре-сарсаңға салды. Дәріхана алдындағы ұзын-сонар кезек, ауруханалардағы керует толды. Бұқараның кейбіріне дауа табылды, енді бірі жер жастанып кете барды. Ауылдағы ағайынға медицина жетпей қалғаны тағы бар. Тәж тажалдың кесірінен есеңгіреп қалған жұрттың қазіргі таңда бас ауруы тек медицина ғана емес. Білімі де түсініксіз жағдайда. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деуші еді ғой, қазақ. Айта бергеннен бәрі өзгерсе, елдің экономикасы, әлеуметтің әлеуеті бүгінгідей болмас еді. Әсіресе, мынадай технология дамыған заманда», — дейді Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов әңгіме барысында. Қоғам белсендісінің салиқалы ойына қосылмасқа амал болмады.

Жұмабай Қабенұлы – елдің мұңын, жоғын түгендеп жүрген жандардың бірі. Қыруар шаруаның басын қайырып жүрген ол «Nur Otan»-ның партияішілік праймеризіне бекерден-бекер қатысып жатқан жоқ-тын. Ел ағасы ауыл халқының мүддесін көтеруді мақсат еттім дегенді алға тартады. Өйткені, ел дамуы үшін не істелсе де, оның басым бөлігінен шалғайдағы жұрт құр қалып жатыр екен.

«Пандемия кез-келген саланың кестесіне өзгеріс енгізді. Үлкен емес, кішінің де сол күтпеген жайтқа үйренісуіне тура келді. Тіпті, қашықтан оқу жүйесінің өзі білім-ғылымдағы емес, интернетпен қамту мәселесінің де бізде тұралап қалғандығын көрсетті. Қазақстанда мыңға жуық ауылда интернет жоқ, байланыстың аты өшкен. Бір сөзбен айтқанда, шалғайдағы ауылға цифрландыру жетпей жатыр. Сонымен қатар, біздің елде әлі де ауылдағы ағайын жол азабын тартып, күрмеулі мәселенің бірі ауызсуға шөлдеп, көгілдір отынның рахатын көре алмай келеді. Қазақстанның қалалары, мегаполистері қалай дамып, өркендесе, қаймағы бұзылмаған ауылдарымыз да солай көтеріліп, қанат жайса, қандай керемет болар еді. Алып шаһарлардан ауылдарымыз қалыс қалмаса екен деген тілегім бар», — деп отыр өзінің праймериздегі сайлауалды бағдарламасының түпкі ойын жеткізген Жұмабай Қабенұлы.

Мәлімет үшін айтайық, жастайынан инженерлік білім алуға талпынған жас Жұмабай жұмыс өтілін «Көкшетаумелиорация»-дан бастады. 1994 жылы «АП-Импэкс» ЖШС-ін ашты. Өндіріс орны инженерлік желілерді, сушаруашылығы мен өндірістік мәнге ие нысандарды құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Әрдайым жанына желеу, қолдау іздеген ақмолалықтарға қайырымдылық пен демеушілік жағынан көмек беріп, қол ұшын созып келеді.

Жұмабай Әміржанов 2007 жылы «Nur Otan» партиясының мүшесі. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты ретінде облыстың, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты өзекті мәселелерді қаузап келеді. Сол қордаланған проблемалардың барлығы Жұмабай Қабенұлын праймеризге қатысып, бағын сынап көрмек. «Саяси дода елдің түкпір-түкпірінен шығып жатқан азаматтарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Биікке ұмтылудан бөлек, халықтың түйткілді мәселелерін шешсек, дүйім жұрт өзі-ақ сол шыңға жеткізеді. Сондықтан, маған сенгендердің сенімін ақтауға тырысып, бар күш-жігерімді саламын» дейді біз әңгімелескен Көкшетаудың өрен ұлы.

 

Арайлым Әбеуова

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.

В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ ШКОЛ

НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СЪЕЗДЕ УЧИТЕЛЕЙ В ОКТЯБРЕ 2023 ГОДА ПРЕЗИДЕНТ...

КАЧЕСТВЕННО И В СРОК

ОДНИМ ИЗ ПРИОРИТЕТОВ НАШЕЙ РЕСПУБЛИКИ ЯВЛЯЕТСЯ РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ, ОСОБЕННО...

ПРОФИЛАКТИКА И ПРОСВЕЩЕНИЕ

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...