Алғабастағы үйдің қисаюы: тергеу неге ұзарып кетті?

Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағынауданындағы үйлердің қисаюы бойынша тергеу бір жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді. Алматы прокуратурасы тергеудің неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура өкілдері сарапшының қосымша материалдарды ұсыну туралы өтінішіне байланысты 2020 жылы тағайындалған қосымша сот-құрылыс сараптамасы тоқтатылғанын хабарлады.

«Жоғарыда көрсетілген сараптама нәтижесі болмай күдікті тұлғаларға мәртебе беру мәселесі және істі сотқа жіберуге ерте. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу» талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді», — деді Алматы прокуратурасындағылар.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары үй іргетасына шағымданды. Тұрғындар уақытша жалдамалы пәтерге көшіріліп, ғимаратты мамандар тексерді. Нәтижесінде №179 үй 31 сантиметрге қисайғаны белгілі болды. 2020 жылғы шілдеде ҚазҚСҒЗИ жақын тұрған ғимараттарды тексеру нәтижесі бойынша ол үйлерді де нығайтуды керегін хабарлаған.

Сонымен қатар, Алғабастағы ғимараттардың бірінің қасбеті құлаған еді. Онда үйлер мәселесі шешілмеген күйінде қалды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...