12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Алқа» ашқан қылмыс

Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әубәкіровті әріптестері ерекше сыйлайды. Қылмысты ашуда кәнігі ізкесушіге айналған маманнан басқалардың үйренері көп. Әубәкіровтің шақыр­ғанын естігенде Жомарттың аздап ойланып қалғаны рас. Бірақ, бас­тығының сөзі қысқа болды.

– Жаркенттің жолын торыған қарақшыларды ұмытпаған шығарсың? Тауар толы автобустарды үп­теген олар біздің іздеріне түс­ке­німізді білген соң тынышталып қалып еді ғой. Сол істі ашуға мүмкіндік туған сияқты. Қазір Жетісу ауданына бар, сол жерде сені аудандық жедел топ өкілдері күтіп отыр. Ар жағын сол жерде түсінесің, – деген басшы бірден ескі қылмысты ашудың маңызды екенін тапсырды.

Бақыт екеуміз Жетісу ауданы­на келгенде жедел топ мүшелері толықтай отыр екен. Барлық жағдайды ұққан соң жедел жұмыс жоспарын жасап әркімге не істеу керектігін айтып тапсырмалар бердік те, арыз беруші келіншекке жолығуға аудандық топ мүшелерімен бірге шықтық. Сұлулық салоны орналасқан үйді айналып өтіп, артқы жағындағы есіктен ішке ендік. Жәмила есімді келіншек біз білетін жағдайды толықтай баяндап берді.

Оның айтуынша, салонға келіп жүрген жас келіншектің қалтасы қалың. Мұнда жасалатын қызметтерден ақшасын аямайды. Тек мәселе онда емес. Жәмиланың көзіне түскені әйел мойнындағы алқа болатын. Өз алқасын бірден таныған ол әйелдің бет күтіміне арналған қызметтерді алып отырған сәтін пайдаланып полицияға хабар берген. Күдігін асығыс жеткізген Жәмиланы сабырға шақырған Жомарт мына жағдайды күдікті келіншектің біліп қоймауы керектігін қатаң тапсырды. 

Сыр білдірмей салонға қайта оралған Жәмила келіншектің мойнындағы алқаны тағы бір қарап өтті. Дәл өзі. Ортадағы кулонның екі жанында орналасқан асыл тас – топаздың біреуі түсіп қалған соң зергер екеуін де алып, бірдей көгілдір түсті фианитті орнатып берген еді. Алқаны ерекшелеп тұрған да сол. Күдікті келіншек бірінші рет келгенде Ішкі істер департаментіне арыз жазған ол ізкесушілердің өтінішімен келіншектің келесі келуін күткен. Міне, бүгін сол сәт те туды. Ал Сұлулық салонына ай сайын келіп, барлық қызметін пайдалануды әдет еткен сылқым келіншек алаңсыз массаж үстелінде жатыр.

Жәмиланың сөзінен кейін өзара ақылдасқан топ ең бастысы күдікті келіншекті үркітіп алмау керек деп шешкен. Ол – қарақшы топқа апаратын төте жол болуы әбден мүмкін. Қателессе, үміттің үзілгені. Өйткені, келіншектің алқаны сатып алғаны да, тауып алғаны да белгісіз. Ал егер қылмыстық топқа қатысы болса, қылмысын бірден мойындай қоюы да кәдік. Сондықтан біраз уақыт артынан бір қызметкерді салып аңдытуға тура келеді. Солай жасалды да. Аз уақытта белгілі болғаны, әйел жігіті екеуі Айнабұлақ ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрады екен. Екеуі де Жаркенттен. Жігіті қаладағы түнгі клубтың бірінде күзет бастығы болып жұмыс істейді. Үйінен қонақ үзілмейді. Жанындағы пәтерге екі қызметкерді тұрғызған полицейлер бақылауды күшейтті. Олар ақырындап бұлармен достасып сеніміне кіріп те үлгерді. Сақшының біреуі жігіттің жанына күзетке кіріп, үйлерінің, көліктерінің де ішіне бейне бақылау камералары орнатылды. Қазіргі кезде бұл топта он бес шақты адам бар. Ал аңдығандарына бір ай өтсе де, күдіктілердің қаншасы Жаркенттегі қылмыстық топқа қатысты екенін анықтау мүмкін болмай отыр.

Қазір облыстық ІІД, ЕБҚКК және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыстар атқарылуда. Бұл топ қазір тонаушылықпен емес таза есірткі сату бизнесімен күреске кірісіп кеткен. Олар бұрынғы тонау қылмыстарының ашылмайтынына нық сенімді. Ал жаркенттегі тонаушылық кезінде жеті адамның өлімі ашылмай қалған. Оған да осы топтың жанама қатысы болуы мүмкін. Жедел іздестіру жұмыстарынан соң бұл топтың кімдер екені айқындала бастады. Сөйтіп, олардың Жаркенттегі қылмысқа ғана емес, есірткі бизнесінің контрабандалық түрімен де айналысатыны белгілі болды Шу ауданымен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен де тығыз байланыста екені анықталды. Сондықтан да бұл операция­ға бірнеше құзырлы орындар тартылды. Әрі мұндай бірлескен күрделі істе асығуға да, қателесуге де болмайтын еді. Бір кішкентай ғана қателік барлық жасалған жұмысты жоққа шығаруы мүмкін. Топты ба­қылау күшті. Сырттай қарасаң олар­дың жанындағылар өз тіршілігімен жүрген қарапайым адам­дар сияқты. Үйлердің аула тазалау­шысы, сантехник, электрик­теріне дейін ауыстырып жедел топ қызметкерлері жұмыс істей бастады. Тіпті сол аулада арақ ішіп жүрген бомждардың арасына өз адамдарымызды кіргізуге тура келді. Түнгі клубтағы қызметкерлер арасына да өз агенттеріміз енді. Сұлулық салонына бейнебақылау орнаты­лып, жіті қадағаланды. Ақы­ры Гуля есімді келіншекті алдын ала ұстауға тура келді. Са­лонға тағы да алқаны тағып келген соң Жәмила жоспар бойынша жанына келіп алқаны көруге бола ма деп сұраған. Алайда, әлденеден секемденген келіншек «көріңіз, тек шешуге болмайды» деп қысқа қайырған. Жәмила алқа сыртындағы зергерге жасатқан ЖЖ деген белгіні бірден таныды. Енді күмән жоқ. Мынадай сенімділіктен кейін Жәмила: «бұл алқа менікі, кезінде автобусты тонағанда қарақшылар менен тартып алған еді. Сізде қайдан жүр?» дегенде өңі бірден өзгеріп сала берген келіншек орнынан тез тұрып кетпек болған. Бірақ дайын тұрған жедел топ қызметкерлері ұстап, тергеу әрекеттері басталып кетті.

Ешкім байқамасын деп артқы есік арқылы күдіктіні полиция бөліміне әкелген сақшылар әйелдің мойындауын күткен. Алғашқыда өтірік талып қалып, кейіннен тауып алдым, сатып алдым деп қиғылық салған әйел соңынан берілуге мәжбүр болды. Тәжірибелі қызметкерлер оның бұлтаруына жол бермеді. Ақыры амалы таусылған Гуляның бірлесіп қыз­мет атқарудан басқа лажы қалмады. Осылайша, жауаптылықтан қорыққан Гуля біздің агентке айналды. Кездесу орны сұлулық салоны болды. Салоннан өзіне қажетті қызметтерді толық пайдаланған соң Гуля не болғанын баяндап, одан соң басқа нұсқауларды алып отыратын. Қылмыстық топқа енген агенттердің де өмірі қыл үстінде жүреді, сәл қателік олардың өміріне қауіп тудырып, операцияның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Міне көптен күткен, адамдарды әбден қажытқан операция уақыты да аяқталуға таяу. Енгізілген агенттің сенімге кіргені сондай, Тәжікстаннан келетін есірткіні алып келетін топ құрамына еніпті.

Топтың шекара арқылы үлкен героин есірткісін алып Қазақстаннан Ресейге жеткізуі қажет болатын. Жолда Өзбекстан, Қырғызстанның қылмыс­тық топтарына да берілетін тауар бар. Қай жерде қалай берілетіні де хабарлама арқылы құқық қорғау органы қызметкерлеріне байланыс арқылы жеткізілуі тиіс. Өзбекстан жеріне дейін үш КамАЗ-­бен жеткен топтың алдағы бағытын жа­нармай бекетіндегі адамға айт­қан агентіміз біздің қамдануымызға мүмкіндік туғызды. Операцияның ойдағыдай өтіп келе жатқанына қылмыстық топ сенімді еді. Өзбекстан шекарасында Қыр­ғызстан мемлекетіне қажетті бөлік те тапсырылды. Анар мен құрма салынған жәшіктерде не бары бұларға ғана аян. Өзбекстанда бар тауар поездарға тиеліп Ресейге сапар шекті. Енді топ Шу қаласында өздеріне тиесілі бөлікті тиеп алып Алматыға сапар шегеді. Бұлар Шуда орыс, тәжік бауырларымен қимай әрең қоштасты. Алматыға келіп  тауарларды складқа өткізген соң, істің жақсы аяқталғанын айтып, қылмыскерлер бір серпіліп қалған. Алайда, қуануға ерте еді. Аңдып тұрған сақшылар он минуттан кейін барлық топты басшыларымен бірге қолға түсірді.

Сөйтіп алқадан бастау алған із кесу үлкен қылмыстық топтың ірі қылмысын әшкерелеумен түйінделді.

Ербол АБДРЕШОВ

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...