Алғыс айту — асыл  қасиет

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа  қол  қойған болатын.

Алғыс айту  күні – ол, ең алдымен  елімізде  тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні  болғаны  бәрімізге айқын. Сонымен қатар айта кететім болсам — қазақ халқы қиын қыстау  заманда олардың  басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге  көтере білді, бұл  бүгінгі таңда елеміздегі түрлі  ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі шексіз өлшеміне айналғаны бәрімізге  мәлім. Алғыс айту күні біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі күні. Бұл әралуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Алғыс айту  күні — Қазақстан халқын мәңгілікке  біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы  ұлттық патриоттық идеиясының, Қазақстандық берегейліктің негізгі арқауы- елеміздегі бардық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні болып табылады. Мерекелеудің басты мақсаты Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін одан әрі нығайтуға ықпал етуі тиіс. Айта кететім  болсам алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп айтуға болады. Қазақ  халқы — тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш  сыйлай алады. Мүмкіндік болып жатса жақсы сөз айтудан жалтарып қалмаңыздар.

А.Ирмагомбетов, Тараз қаласының

мамандандырылған тергеу 

сотының хатшысы.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...