АЛҒАШҚЫ ӨНІМ ЖИНАЛУДА

Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр. Өңір диқандары суармалы суды уақытылы жеткізген Су ресурстары және ирригация министрлігіне, сондай-ақ «Қазсушардың» жергілікті филиалына алғыс білдіруде.

«Суды уақытылы бергендіктен, қарбызымызды дер кезінде суарып үлгердік. Өнім жаман емес. Қазір Астана, Қарағанды, Алматы жəне басқа қалаларға өнімімізді жөнелтіп жатырмыз. Су беру мəселесін бақылауда ұстағаны үшін Су ресурстары жəне ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз», – деді диқандар Талғат Тойшыбеков пен Ерлан Қоштаев. «Қазсушардың» Жамбыл филиалы жергілікті шаруалармен су жеткізу бойынша 3852 келісімшарт жасасқан. Бүгінде шамамен 61 мың гектар егіс алқабы суарылып, 512 млн текше метрден астам су берілді. Бұл ретте су тек тиісті келісімшарт болған жағдайда ғана жеткізіледі. Жамбыл облысында суару маусымы 20 күнге ерте басталды. Бұған себеп – ауа температурасының жоғары болуы жəне жауын-шашынның болмауы. Осыған байланысты өңірде суармалы суды əділ бөлу мақсатында егістік алқаптарды кезекпен суару ұйымдастырылып жатыр.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...