Акушер болу — қиын да маңызды миссияны орындау

Алматы облысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Шеңгелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясының акушері Клара Заглетқызы Есенованың медициналық білімі мен тәжірибесі жүздеген сәбидің аман-есен дүниеге келуіне ұйытқы болған. Ауылда 40 жылдан астам еңбек еткен акушер жедел медициналық көмекке мұқтаж көптеген әйелдерге қол ұшын созған. Ол, кәсіби тұрғыда әрекет етуге тура келген алғашқы қиын жағдайларды ұмыту мүмкін емес деп отыр. Бірі — шұғыл медициналық көмек қажет болатын босану кезіндегі көмек көрсету. Осыдан бірнеше жылдар бұрын Клара Заглетқызы жайлаудан қансыраған жүкті, шопанның әйелін ауруханаға алып келген екен. «Жайлауда мерзімінен бұрын босану және жүктілікті үзу қаупінің негізгі себебі физикалық белсенділіктің тым көп болуы. Жүкті әйел ауыр салмақты көтеріп, уақытылы демалмаса, осындай жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Біз әйелді дереу ауруханаға жеткіздік және дәрігерлер екі адамның өмірін аман алып қалды, дәлізде нәтижесін күтіп, жүкті әйел мен оның баласын уайымдаған сәттерім әлі есімде. Ең әсерлі сәт — сәби дүниеге келіп, анасы барлық қорқыныш артта екенін, баласы оның жанында және бәрі жақсы екенін түсініп жатқан кезі», — дейді маман.
40 жылдан астам еңбек өтілімі бар Клара Заглетқызы, таңдаған мамандығын ерекше сүйгендіктен, ешқашан жеке уақытымен санаспағанын айтады. Қар мен жаңбырда, тіпті боранда да ол жүкті әйелдерді назарсыз қалдырған емес.
Шеңгелді ауылында, бүгін, 50 келіншек сәбилерін күтуде. Клара Заглетқызы олардың әрқайсысын жақсы біледі және кез келген уақытта медициналық көмек көрсетуге дайын. Бір айдан аз уақыт бұрын ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қолайлы жағдайлар жасалған болатын. Осыған орай, кейіпкеріміз амбулатория ұжымы үшін өте қуанышты және барлығына амандық тілейді. Тамаша жанға акушерлік қызметке адалдығы үшін алғыс білдіреміз.

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...