Актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті

Отандық танымал актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті. Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлаған. Ол оқиға орнынан фото мен видеолармен бөліскен. Киножұлдыздың айтуынша, жол-көлік оқиғасына себепші жас жігіттің өзі де шошып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Айнұр Ильясова жол-көлік оқиғасына тап болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Көзіне жас алған актриса жанкүйерлеріне видео жолдады. «Таңым жақсы басталып еді. Бірақ, ойламаған жерден бір көлік келіп мені соқты. Алда не күтіп тұрғаның білмейсің деген осы» , — деді өнер иесі.

Артынан сабырға келген Ильясова өзі үшін қатты алаңдаған көпшілікке жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берген. «Мен өз жолағыммен жүріп келе жаттым. Бір жігіт кенеттен менің көлігімді соқты. Мен барынша шетке беріп, тежеуішті бастым. Бірақ, бұл жерде бұрылатын жер жоқ, сол себепті осындай жағдай болып қалды. Менің алдыңғы есігім тіпті ашылмайды да, артқы есіктен шықтым. Көлікте балалардың болмағанына шүкір» , — деп айтып берді ол.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...