Академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды

МСАК бойынша Алматы декларациясының әкесі, әлемдік денсаулық сақтау аңызы, қазақстандық Медицина мақтанышы академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 мамырда әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі Еңбек ер атағының иегері,  академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды.

Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтежеде бітірген.

Еңбек жолы

1958-1962 жылдары — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері.
1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі.
1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры.
1971-1982 жылдары — Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі.
1973-1984 және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті).
1985-1988 жылдары — Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1995 жылдың мамыр айынан — Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті.
1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (8-10 мәрте сайланған).

Төрегелді Шарманұлы 12 жыл бойы республиканың денсаулық сақтау министрлігін басқарды және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.

1974 жылдан бастап ол республиканың жетекші ғылыми ұйымдарының бірі — Қазақ тамақтану академиясының тұрақты басшысы болды.

2005 жылы академик Шарманов Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы — Леон Бернард сыйлығының ең жоғары құрметіне ие болды, оның бүкіл әлем тарихында тек 29 адам иегері болды. Бұл денсаулық сақтау саласындағы Нобель сыйлығының бір түрі.

Төрегелді Шарманұлы Қазақстанның медициналық жұртшылығы арасында ғана емес, зиялы қауым, шығармашыл жастар, көптеген саясаткерлер мен республиканың басқа да азаматтары арасында үлкен беделге ие болды.

93 жыл ішінде академик Шарманов ел мен әлем үшін көп нәрсе жасады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.