Еркінбек: Сәлеметсіз бе? Мен 19 жастамын. Алматы қаласында тұрақты тұратын студентпін. Екі күн бұрын университеттегі сабақтан асығыс шығып, қарама-қарсы бағыттағы жолдың бойына жаяу жүгіріп өттім. Сол жерде тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазып берді. Сол сәтте менен хаттама толтырып алды. Ендігі кезекте аталған айыппұлды қалай төлеуге болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңыз бойынша сіздің әрекетіңіз әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Сіз айыппұлды екінші деңгейлі банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында төлей аласыз немесе «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде «egov.kz» бөлімі, «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметін пайдалансаңыз болады.
.
Жауапты дайындаған:Нархоз Университеті
Құқық және мемлекеттік басқару
мектебінің 3-курс студенті: