Айыппұл салудың да артықшылықтары бар

Соңғы кездері елімізде айыппұл жазаларының көбейе бастауы халықтың шамына тиіп отыр. Дегенмен әлемдік тәжірибеде айыппұл халықты тәртіпке шақыратын, заңды, құқықты сыйлап бағынатын бір құрал екенін айта кету керек. Айыппұл заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы. Әдетте айыппұл ақшалай түрде мемлекет пайдасына алынады.

Айыппұл әлемнің көп елдерінің қылмыстық заңындарында кеңінен қолданылады: бұл Англия, Франция мен АҚШ-та қолданылу жиілігі бойынша кең таралған жазалау шарасы болса, Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды; айыппұл Ресей Федерациясы мен Қазақстанда да қолданылады. Қылмыстық жазалау түрі ретінде айыппұлдың артықшылықтарына мыналар жатады: түрмеде отырғандардың санының азаюы; шағын мөлшердегі қылмыс жасағандар мен түрмеде ұзақ отырған ауыр қылмыспен сотталғандардың арасындағы тікелей байланыстың болдырылмауы; жазаның осы түрін орындауына байланысты үстемелердің шағын мөлшерде ғана болуы.

Айыппұл төлеу өз бетімен бөлек жазалау шарасы ретінде көптеген жағдайларда қолданыла алады. Мысалы Францияда айыппұлды келесі қылмыстық әрекеттерде тағайындайды: абайсызда өлімге әкелген жағдайда, жәбірленушінің жарақат немесе созылмалы ауруына әкелген зорлық-зомбылық қасақана актілер, жыныстық қатынаспен байланыспаған басқа барлық зорлық түрлері, есірткі саудасы, біреуді қауіп-қатерде қалдыру, т.б. Сонымен қатар айыппұл басқа бір ауыр жазаның орнына немесе бас бостандығынан айырумен қатар бірге қолданылуы мүмкін. Соңғы жылдары көптеген батыс елдерінде айыппұлды несие сияқты бөліп төлеу де қолданысқа еніп жатыр, себебі көптеген азаматтардың айыппұлды бірден толығымен төлейтін мүмкіндіктері болмайды.

Біздің елімізде де айыппұлдарды алғашқы аптада тең жартысын төлеу секілді жеңілдіктер қарастырылған. Бұл ең алдымен халықты ынталандыру болса, екінші жағынан әлеуметтік жағдайын ескеру үшін жасалып отырған шаралар.

Г. М. Биназарова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...