12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамайтындарға айыппұл салу арқылы жауапкершілігін көтеру мүмкін бе?

Жылыту маусымы басталуымен бірге өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мәселесі де өзекті бола түседі. Өйткені көп жағдайда тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға салғырт қарайды. Тіпті халықтың басым бөлігі өрт қауіпсіздігін сақтауды біле де бермейді екен. Ол аздай тексеруге келген төтеншелік қызметкерлерді үйге кіргізбей, есік ашпай жататын көрінеді. Осы орайда атап өтер жайт, төтеншелік мамандар жыл сайын жылыту маусымы алдында тұрғындардың үйлерін аралап, пештерін тексеріп, барынша өрттің алдын алып, өрт қауіпсіздігі ережесін халыққа үйретуге тырысып жатады. Әйтсе де қарапайым қағидалардың сақталмауы салдарынан өрт оқиғаларының орын алып жататыны өкінішті. Осы орайда бір кездері өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамайтын тұрғындарға айыппұл салу мәселесі де көтерілген еді. Ендеше қауіпсіздік ережесін елемейтін тұрғындардың айыппұл арқылы жауапкершілігін көтере аламыз ба?

Сағынбек ТҰРСЫНОВ, қоғам қайраткері:

— Бұл жерде тұрғындар ең алдымен қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдарын түсінбей тұр. Сондықтан қауіптің алдын алғысы келетін төтеншелік маманды да үйіне кіргізбей, өзі де өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға мән бермей жатыр. Мұндай жағдайда ең алдымен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудың салдары қандай болатынын айтып түсіндіру керек.

Қайғылы жағдай орын алған кезде оны халықтың арасында кеңірек айтып, ең алдымен қауіпсіздік үшін тұрғындардың өздері жауапты екенін түсіндірген маңызды. Біздің халық табиғатынан самарқау ғой. Сақтандыру компаниясынан гөрі, «құдай сақтасын» деген сөзбен мәселені жылы жауып қоя салады. Өзіне жауапкершілік алғысы келмейді. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру жұмыстары да елімізде қолға алынбаған. Дегенмен, ол үшін бас салып халықты жазалап, айыппұл сала беруге де болмайды. Алдымен ақпарат жеткілікті болуы керек. Теледидардан түрлі әлеуметтік роликтер көбірек беріліп, телефонның Whatsaрp жүйесі арқылы жыл сайынғы нақты статистика, төтенше жағдай орын алған жерлерден шағын бейнекөріністер беріп отырса, халық арасында ол тез таралады, әрі ақпарат көбейеді. Халықпен жұмыс істеуде айыппұлдан гөрі осындай жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет. Менің ойымша қазір насихат жағы жеткіліксіз. Егер оған да құлақ аспаса әуелі ескерту жасап, сосын айыппұлға немесе газдан айыру шараларына баруға болады. Бізде арнайы әр сала бойынша ашылған ведомство, басқармалар бар. Олар салдармен ғана күреспей, қауіптің алдын алуға да көңіл бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Мен неше жыл Еуропада тұрдым ғой. Олардың заңға бағыныштылығына тәнті болдым. Бізде шыны керек қауіпсіздік ережелері тұрмақ, заңның өзіне мән бере бермейді. Нәтижесінде осындай төтенше жағдайлар жиі тіркеліп, айдың күннің аманында адамдар опат болып жатыр. Сондықтан алдымен түсіндіріп, түсінбесе ескерту жасап, сонда да құлақ аспаса заң жүзінде басқа шаралар қарастыру керек деп ойлаймын.

Мырзабек Бекберді, заңгер:

— Менің ойымша, қауіпсіздік ережесін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынуы керек. Заңды жолмен айыппұл арқылы жауапкершілігін көтермесек, түрлі қайғылы оқиғалар көбейе бермек. Шыны керек, халқымыз не демалыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамайды, не жеке тұрғын үйлерінде сақтық

ережелеріне мән бермейді. Нәтижесінде тауға барып демалып, әп-әдемі, жап- жасыл орманды күлге айналдырып кетеді. Немесе қауіпсіздік ережесін сақтамай, үйі өртеніп кетіп өкініп қалады. Сондықтан айыппұл арқылы халықтың жауапкершілігін көтеретін кез жетті.

Мұның бәрі айналып келгенде халықтың өзі үшін ғой. Заңға бағынған ел қор болмайды. Қыста пешті пайдаланудың да, жағажайларда суға түсудің де, өрттің алдын алудың да, тіпті зілзаланың алдын алу кезінде де әрқайсысының алдын ала жазылған, тиісті ережелерін тұлғалар сақтауы тиіс. Көп жағдайда осы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы төтенше жағдайдың туындауына түрткі жатады. Төтеншелік мамандар жыл сайын жылыту маусымы алдында пештерді тексеріп барғанда, есігін ашпай қойып, арнайы қызмет мамандарын үйлеріне кіргізбеуге тырысатындар баршылық. Сондықтан тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін жоғарылатқан жөн. Рейд кезінде үйлерді тексеретін мамандарға қандай да бір құзірет берілуі керек. Әйтпесе халық шынымен олардың жұмыстарына кедергі жасай береді. Жыл бойына мамандарға пешін тексертуге құлықсыз тұрғындар төтенше жағдай орын ала қалса, ең алдымен өзін емес, өзгелерді кінәлап шығатынын көзіміз көріп отыр. Қауіпсіздік төтеншеліктерге емес, алдымен әр адамның өзіне керек. Мамандар да «тұрғындармен көбірек жұмыс жүргізудің қауіптің алдын алуда маңызы зор» деп жатады ғой. Сондықтан жазалау шаралары арқылы халықтың жауапкершілігін көтеруден ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...