12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайсар қазақ қызының бүгінгі келбеті

«Қыз қырық шырақты», «Әйел қырық жанды» деген сөз бекер айтылмаса керек. Себебі, бүгінгі заманда нәзік жандылар үйге де, жұмысқа да үлгеріп, үлкен төзімділік танытып, қазақтың даналық сөзінің жаны бар екендігін дәлелдеп келеді.
Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамда татулық пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Қазіргі таңда әйелдер қауымы асыл жар, аяулы ана бола отырып, қоғам мен мемлекет ісінде де белсенділік танытып отыр. Яғни, бүгінде қыз-келіншектер қоғамның барлық саласында жемісті жұмыс істеуде. Отбасы мен қызметін ұштастырып, көпке үлгі болып жүрген жандардың бірі – Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Жанар Тажимбетова.
Жанар Шахитбекқызы 1976 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңа-Қазалы станциясында дүниеге келген. 1993–1995 жылы Талдықорған заң техникумында «Құқықтану» мамандығы, 2002–2005 жылы Қазақ гуманитарлық университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1994 жылы Ленинск қалалық сотында арнайы бөлімнің аға инспекторы қызметінен бастаған. 1997–1998 жылы көлік сақтандыру Байқоңыр филиалының секретарь-референт қызметінде жұмыс істеген. 1998 жылдан бастап Байқоңыр қалалық сотында сот отырысы хатшысының міндетін атқарушы, бас маман – сот отырысының хатшысы, бас маман қызметтерін атқарып, кеңсе меңгерушісі лауазымына дейін жоғарылаған. Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі 27 жылдан асты.
Жанар Шахитбекқызы қызмет барысында өзін өте жауапты, тиянақты, алғыр, білімді және ізденісі жоғары маман ретінде көрсете білді. Әр жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарап, кәсіби міндетін уақытылы әрі сапалы орындап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, әріптес­терінің алдында зор абыройға ие болды. Қызметіне адалдығымен ерекше көзге түскен Жанар Шахитбекқызы республикалық, облыстық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие. Атап айтқанда, ҚР Жоғарғы Соты департаменті башысының Құрмет грамотасымен, Қызылорда облыстық сотының «Ең үздік сот отырысының хаттамасы» марапатымен, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Жанар Шахитбекқызы қазіргі таңда кеңсе меңгерушісі ретінде жас мамандарға киім үлгісі, сөйлеу әдебінен бастап, кеңсе жұмыстары, мұрағат, сот отырысы хатшыларының міндетін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп, тәлімгер болып отыр. Ол сот жүйесіне жас маман болып кіріп, қызметтің барлық баспалдағынан өтіп, жұмыстың ауырт­палығы мен жауапкершілігін нәзік жүрегімен көтеріп, өзінің қайсар мінезді екендігін дәлелдеген жан. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі сот жүйесінің дамуына куә болған Жанар Шахитбекқызынан алар тәжірибе, білім мен өнеге өте мол.
Білікті маман отбасында адал жар, аяулы ана. Бүгінде жолдасы екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Өмір жолына, ұстанымына, жігеріне, отбасына адалдығына, ауыртпалық пен қиындықтардан мойымайтын табандылығына қарап Жанар Шахитбекқызын қайсар қазақ қызының бүгінгі келбеті десек, артық айтқандық емес.

Қызылорда облысы
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...