12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 26 қыркүйек күні Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы Қайрат Сатыбалдыға қатысты соңғы үкімді оқыды. Сот Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімін судья Нұрлан Баяхметов оқыды. Сатыбалдыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері “Қазақтелеком” АҚ-ның аса ірі көлемдегі қаржысын жымқыру және қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша ұстаған.

Бұған дейінгі сот отырысында Қайрат Сатыбалды миллиардтаған долларды жымқырғанын толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені жазасын қауіптілігі орташа колонияда өтейді. 

Ол 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасына кесілді. Сондай-ақ ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Прокурор Жангелді Есебаев Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ ол айыпталушыны «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыруды да талап еткен.

2022 жылғы 13 наурыздан бастап үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауға алынған күн жазаны өтеудiң 1,5 тәулiгi болып есептеледi.

Сонымен қатар Марат Мұхамбетжанұлы мен Ғайни Бекетов алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ал Шыңғыс Қоңырбаев пен Леонид Муравьевке 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы бір айта кетерлігі, Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сол себепті Қайрат Сатыбалдыдан сот алдында алдағы уақытта да жауап алынады.

Ас тұзы — ақ у!

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCl; натрий хлориді, тас тұзы,...

Мемлекеттік қызметшілер әдебі – қоғам сенімінің алтын арқауы

Мемлекеттік биліктің беделі мен қоғамның сенімі ең алдымен мемлекеттік...

В Алматы правозащитники и юристы поддержали поправки по запрету ЛГБТ-пропаганды

В Алматы состоялась конференция в поддержку поправок о запрете...

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено...

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...