12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аймағамбетов мектеп түлектеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізді

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілген. 

Аймағамбетов талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданғанын еске салды.

«Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады.

Сондай-ақ, талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады», — деп жазды министр.

Былтыр «Алтын белгі» алғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Асхат Аймағамбетов олардың кейбірінде ҰБТ нәтижесі төмен болғанын жазды.

«Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.

Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырадыСондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді», — деді ол.

Нормалар келесі жылдан бастап күшіне енеді, алайда биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бұл белгіні берудің объективтілігі бағаланады. 

Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс екені айтылды. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі.

Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....