Дискриминацияға тап болу үрейі адамдарды өзінің АИТВ статусын ашық
мойындаудан ұстап тұрады. АИТВ-инфекциясы бар немесе болуы мүмкін адамдар медикосанитарлық көмек алуға, баспаналы болуға, қызметке тұруға, сақтандыруға, шетел мемлекеттеріне шығуға рұқсат етулмей ме деп, олардыңдостары мен қызметтестері теріс айнала ма деп қауіптенеді. Кейбір жағдайда оларды өз отбасылары үйлерінен қуады (тәжірибеде кездесетін жайт)
жұбайы ажырасуға арыз береді, зорлық-зомбылық көрсетіледі.
АИТВ-ға байланысты стигма келер ұрпаққа өтіп, АИТВ-дан қайтыс болған ата-аналарының қазасының зардабын жеңуге тырысып жүрген балалардың иығына түскен ауыр жүк болып табылады. Стигма мен дискриминацияға соғыс жариялап барып қана АИТВ-ны жеңіп шығуға болады.
Мемлекет, үкімет емес ұйымдар мен ЖИТС орталықтары бірігіп жұмыс жасалғанда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетуге біріккенде ғана жақсы қасиеттер көзге түсе бастайды. Ал егерде туыстары мен жақын адамдары және бірлестіктер тарапынан адамдар стигматизация мен остракизмге ұшыраса, сонымен қатар жеке тұлғалар мен қоғам тарапынан дискриминацияға тап болса, онда жаман қасиеттер біліне бастайды.
Неге барлық жұқпалы аурулардың ішінде дәл АИТВ стигмаға шалынады? Стигманың таралуының негізгі себебі: сауатсыздық пен қорқыныш. Егер де
адамға мәліметтер жетпесе, онда оның орны жинақталған және ойдан шығарылған, жалған стереотиптермен толығады. Егер осы стереотиптер адамды үрейлендіретін нәрсемен байланысты болса, онда осындай қасиеттері бар адамдарға қорқыныш сезімдерін қуаттайтын жағымсыз ерекшеліктер жазылады. АИТВ-сы бар адамдардың стигматизациясына бірқатар факторлар әсер етеді: АИТВ – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, ал өлім тақырыбы біздің қоғамда тыйым салынған және қорқынышты тақырып болып саналады. АИТВ бойынша мәліметі аз адамдар, оны өте нашар көңіл-хошпен, сыртқы бет — бейненің өзгеруімен теңейді. АИТВ жұқпалы болып саналады және оның тарлу жолдары туралы хабарсыздық әлі кездеседі. Адамдар АИТВ-ны қоғамда стигматизацияға ұшыраған адамдарды есірткі
тұтынушылармен, секс жұмысшыларымен, еркепен жыныстық қатынасқа түсетін еркектермен теңейді.
Стигма адам құқығының бұзылуы мен қоғамдағы дискриминацияның басты себебі болып саналады. Жағдайды өзгерту үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Өз денсаулығымызды әр күн сайын ойлап, АИТВ-ның әркімге қатысты екендігін саралау қажет.
С. Кожалимова, Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы, ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі


