12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аида Балаева Орталық Азия медиафорумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

2025 жылғы 16 сәуірде, II Орталық Азия медиафорумы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азия елдерінің медиа саласы мекемелері мен салалық ведомстволарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Аида Балаева Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаевпен кездесіп, Қазақстанның Орталық Азия өңірінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті нығайтуды үнемі қолдайтынын атап өтті. Тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және өзара тәжірибелік байланысты дамыту мақсатында ақпараттық саладағы әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен хаттамаға қол қойылды.

Әзербайжан Республикасының Медиа дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмайловпен өткен келіссөздер барысында тараптар халықтар арасындағы жақындасу мен ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыруда мәдениет, білім беру мен медианың маңызды рөлін атап өтті. Әсіресе, тең дәрежелі ақпарат тарату мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Әзербайжанның «CBC TV» телеарнасын еліміздің аумағында тіркеу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ Аида Балаева CNN-нің Орталық Азия және Африка бойынша өкілі Сайед Имран Ахмадпен кездесті. Тараптар тележурналистика мен медиа саласын дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары мен перспективаларын талқылады.

Блогерлер мен журналистер жауапкершілікті сезінуі қажет – сарапшы

Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары...

Сотрудникам акмолинского учреждения рассказали о современных методах финансового мошенничества

В учреждении №4 организовали встречу с представителями Halyk банка.Специалисты...

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтік іссапармен Түркістан облысында болды

Түркістан облысына келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары -...