12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аида Балаева: Білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің жоғары құндылықтарының қатарына енгізілді

Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен түсіндіру диалогы форматында ұйымдастырылды. 

Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Өз сөзінде Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа парадигмасын айқындайтынын атап өтті. Бұл парадигмада адам және оның қадір-қасиеті алдыңғы орынға шығып, зияткерлік әлеует стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады.

«Ключевой смысл проекта новой Конституции – защита достоинства каждого гражданина и обеспечение устойчивого развития страны. И принципиально важно, что впервые на конституционном уровне в числе высших ценностей закреплены «образование», «наука» и «инновации». Это означает опору на знания, научную мысль и творческий потенциал как на реальные факторы прогресса, без которых невозможно быть конкурентоспособными в эпоху новых технологий и искусственного интеллекта», – подчеркнула она.

«Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні — әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Ең бастысы, алғаш рет конституциялық деңгейде «білім», «ғылым» және «инновациялар» мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітілді. Бұл – білімге, ғылыми ойға және шығармашылық әлеуетке нақты прогресс факторлары ретінде сүйену деген сөз. Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті болу осы бағыттарсыз мүмкін емес», – деді ол.

Жоба талқылауының кең қоғамдық форматта өткеніне ерекше назар аударылды. Ұсыныстар e-Otinish және eGov цифрлық платформалары арқылы қабылданып, Конституциялық комиссия жұмысы ашық жүргізіліп, қоғамдық талқылаулар тікелей эфирде көрсетілді.

«Бұрынғы Конституциямыз 30 жылдан астам уақыт бұрын, қиын кезеңде қабылданды. Ал, қазіргі заман талабы басқа – біз даму міндеттерін айқындауымыз керек. Сондықтан 10–20–30 жыл алға қарап, тұрақты өркендеуді қамтамасыз етіп, балаларымызға болашақта мықты мемлекет қалдыруымыз қажет. Жаңа Конституция жобасы адами капиталдың басымдығын, ғылым мен инновацияларға сүйенуді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды күшейтеді», – деді Мәжіліс депутаты Никита Шаталов.

Адами капиталды дамыту және кадр даярлау мәселелерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп көтерді. Гуманитарлық бағытта «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрін ұсыныстарын білдірді. Ал әңгіменің мәдени қырын Бикен Римова атындағы Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ атап өтті.

Әміре Әрін Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттардың мемлекет дамуына және елдің халықаралық беделін нығайтуға ықпалын ерекше атап өтті.

«Негізгі құжатта бекітілген ел мен аумақтың тұтастығы, адам құқықтары мен бостандықтары, зайырлы мемлекет қағидаты, цифрландыру, неке, әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттарды өміршең деп санаймын. Осылайша азаматтық қоғамның мемлекеттік басқарудағы рөлі артып, мемлекеттік үдерістеріміз дамып, еліміздің әлемдік қауымдастықтағы беделі нығая түседі», – деді ол.

Сағындық Жұмаділ де Конституцияда бекітілген қағидаттардың маңызын атап өтті.

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік құндылығы да Конституцияда айқын көрініс тапқан. Жеріміздің тұтастығы, шекарамыздың беріктігі, халықтың бірлігі – мемлекеттің басты байлығы», – деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумда саналы таңдау жасаудың және әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Конституциялық нормалар іс жүзінде жұмыс істеп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуы тиіс екені айтылды.

Заманауи білім мен белсенді студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінде...

Қазақстан Республикасында сот жүйесін нығайтудағы Судьялар одағының рөлі

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында сот билігінің...

ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік...

ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің...