12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аида Балаева балаларға қандай кітаптар қызық екенін айтты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында елдегі кітап ісі және қоғамды кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды.

 «Бүгінде жаңа жанрларды дамыту аса маңызды. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер комикс, фэнтези, детектив, фантастика жанрларына қызығушылық танытады. Бұл – олардың әдебиетке бастар алғашқы жолы. Сондықтан осы бағыттағы кітаптарды көбірек шығарып, қорларды жаңарту, заманауи авторларды қолдау – күн тәртібіндегі маңызды міндет», – деді Аида Балаева.

Министр балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет екенін айтты. «Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін. Демек, біз әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, болашақты қалыптастыру миссиясын қатар алып жүруіміз керек», – деп атап өтті Аида Балаева.

Сонымен қатар, мемлекеттің кітап басуға жұмсалатын қаражатын тиімді пайдалану, тақырып жаңғырту, жазушыларды қолдау мәселелері – жекелеген бірреттік факт емес, жүйелі, стратегиялық тұрғыда шешетін мәселе екенін айтты. Қазірдің өзінде Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы басылып шығатын әдебиеттер қатарындағы заманауи көркем, публицистикалық (non-fiction) және ғылыми-көпшілік, сондай-ақ министрлік бастамасымен аударма мен балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиеттер үлесі 80% артқан.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарынан бері мемлекет тапсырысы бойынша жыл сайын қаламгерлердің кітаптары басылып, еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаларға жеткізіліп келеді. Мәселен, 2017–2024 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыспен 1 487 кітап, жалпы таралымы 4 млн 911 мың дана басылып шықты. Сонымен қатар авторларға қаламақы төлеу жүйесі де жолға қойылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Аида Балаева рассказала, какие книги интересны детям

Министр культуры и информации РК Аида Балаева в интервью...

№2 мекемесінде сотталғандар үшін Нельсон Манделаның өмірі туралы фильм көрсетілді

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде сотталғандар үшін...

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде екі сотталған рақымшылық бойынша босатылды

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде Қазақстан...

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында үстел теннисі мен футболдан спорттық шара өтті

Қызылорда облысының Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар...

Қазақстан Конституциясы – ел тәуелсіздігінің тірегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы-еліміздің басты саяси және құқықтық құжаты. Ол...