Аида Балаева: ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлық шешімдерді енгізуде.

«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім берумен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.

Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандарда талапкерлердің оқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігіне ерекше назар аударылады.

Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматына көшіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл шешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеру үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесінен бас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйемен қабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті баллды жинай алмайды.

«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасын арттырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады деп күтілуде.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...