12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ – БҮГІНГІ МЕЖЕ

Алматы облысында қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған 26,6 мың шаруа немесе фермер қожалықтары бар. Соның бірі Еңбекшіқазақ ауданындағы «Алимжанов» шаруа қожалығы. Кәсіпкер Тілек Алимжанов кеңестік дәуірде салынған, көне тауарлы сүт фермасын қайта жаңғыртқан болатын. Айналым қаржысы шектеулі болғандықтан ол өндірістік қуаттылықты арттыру үшін тәуекел деп, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан жеңілдетілген несие алуға шешім қабылдады.

Фермада бұған дейін АҚШ пен Канадада пайда болған сүтті сиырдың «голштино-фриз» деген тұқымы өсірілетін. Тарихы 1852 жылдан басталатын бұл сиыр тұқымының сүті негізінен моцарело үлгісіндегі жұмсақ жəне балғын ірімшік жасауға қолданылады. Қазақстандық фермер өндіріс орнын жаңғыртудың келесі кезеңі аясында Еуропадан ет-сүт бағытындағы ағылшындық герефорд тұқымды сиырларды əкелу жөнінде шешім қабылдайды. «Қазіргі əлемдік тұрақсыз жағдайға байланысты бұл мүйізді ір қараны Қазақстанға жеткізу ұзаққа созылды. Бұрын логистикаға орта есеппен бес күн кететін болса, бұл жолы оған 20 күннен астам уақыт кетті. Жануарларды теңіз арқылы екі рет пароммен өткізуге тура келді», – дейді Тілек Алимжанов. Фермердің айтуынша, жол қиындығына қарамастан, 96 бас мал аман-есен жеткізіліп, мұнда жерсініп қана қоймай, төл бере бастады. Мұнда өндірілген сүт күн сайын арнайы сүт тасымалдаушы көліктермен зауытқа өңдеуге жөнелтіледі. Жалпы, «Қонаев» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясының агроөнеркəсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасы жұмыс істеп тұрған тауарлы сүт фермаларын кеңейту жəне жаңаларын салуға бағытталған. Бағдарламаның қаржыландырылуы екі кезеңде жүзеге асырылды. Мысалы 2023 жылы 15 млрд теңге, 2024 жылы 5 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, биыл республикалық бюджеттен қосымша 8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бағдарлама шарттары бойынша: 5 млрд теңгеге дейінгі бұл несие 10 жылға дейін, 2,5 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 24 айға дейін. «Бүгінгі таңда бағдарлама аясында сүтті бағыттағы 1 498 бас мүйізді ір қара мал сатып алынып, жеткізілді. Былтыр «Қонаев» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы қаржыландырған 13 сүт-тауарлы ферма 38 042 тонна сүт өндірді. 2023 жылы ол 33 088 тоннаны құраған болатын. Яғни, өндірілген сүт былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 мың тоннаға ұлғайды. Жалпы бұл 13 фермада 709 адам тұрақты жұмыспен қамтылған», – дейді «Қонаев» ƏКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов. Мұрат Кеңесұлының сөзіне қарағанда, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту корпорация қызметінің басым бағыттарының бірі. Қоғамның осы бағытты іске асыруында өңірдегі кəсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін түрлі қаржы құралдары көзделген. Олардың қатарында пайызсыз қарыздар, жеңілдікті несиелеу, лизинг бар. Корпорация құрылыс, жер қойнауын пайдалану жəне энергетика саласындағы түрлі жобаларды іске асыруға да қатысуды жоспарлап отыр. «Қонаев» ƏКК жобаларын іске асыру: қазақстандық экспортты əртараптандыруға жəрдемдесу; шағын жəне орта бизнестің өсуін ынталандыру жəне ауылдық жерлерде əлеуметтік-экономикалық даму үшін мүмкіндіктер жасау; экономика салаларының өнімділігін арттыру, экологиялық таза өндірісті ынталандыру жəне жер ресурстарының əлеуетін пайдалануды жақсартуға бағытталған. Осы арада корпорация қызметінің бағыттарына кеңірек тоқтала кеткен де артық болмас. Ол – инвестициялық жобаларды іске асыру; əлеу меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру; еншілес ұйымдарды басқару; «Ауыл Аманаты» ауыл кəсіпкерлеріне несие беру бағдарламасын іске асыру; мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламаларын іске асыру; коммуналдық меншікті басқару; техника мен жабдықтардың лизингі; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру; инвес тициялық жобаларды іске асыруға қатысу; əлеуметтік сауда павильондары желісін дамыту; микронесие беруді дамыту (микроқаржы ұйымын құру); шағын өндірістік аймақтарды құру. Мəселен, сүт тапшылығы мемлекеттің қолдауына қарамастан Қазақстанда əлі де сақталып отыр. Бұл мəселені шешудің бір жолы – жеке қосалқы шаруа шылықтарды кеңейтумен қатар, жұмыс істеп тұрған сүт-тауарлы фермаларды жаңғырту жəне жаңа өндіріс орындарын салу болып табылады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты...