АЭС құрылысына байланысты колледждерде бірнеше жаңа мамандық ашылады

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты жаңа мамандарды даярлау жұмыстары туралы баяндады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жаңа электр энергиясы нысандарының құрылысы, тұтынудың белсенді өсуі және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін энергетика саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қажеттілік 20 мыңнан асады деп болжанып отыр. Олардың қатарында инженер-энергетиктер, дәнекерлеушілер, слесарьлар, газкескіштер, электромонтерлер, электриктер, электромонтажшылар, сантехниктер және құбыр құрастырушылар бар», — деді министр Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, АЭС құрылысына қолдау көрсету мақсатында қазақстандық колледждерде арнайы мамандықтар ашылады. Атап айтқанда, дозиметрист (радиоактивті сәулелену дозасын анықтаумен айналысатын маман), бу турбиналық жабдықтарды жөндейтін слесарь, атом электр станцияларының механикалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету маманы, сондай-ақ атом электр станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласының мамандары даярланады.

Сәтқалиевтің айтуынша, электротехникалық колледждермен тығыз байланыста жұмыс істейтін Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты студенттерге ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе базасын ұсынады. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы АЭС құрылысын салу туралы ұсыныс жасады. Ол 2021 жылғы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамыту қажеттігін айтты. Осыдан кейін Қазақстанның атом электр станциясын салу мәселесі қайта қаралып, нақты жобалау жұмыстарын бастау үшін дайындық шаралары қолға алынды.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...