12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЭС – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БІР ЖОЛЫ

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесінің сөз болып жүргеніне ширек ғасырдай уақыт болды. Елдің энергетикаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін АЭС-тің қажеттігін Мемлекет басшысынан бастап, энергетика саласындағы құзырлы орган басшылары сан мәрте көтеріп, жұртшылық талқысына ұсынды. Тіпті, бірнеше мәрте АЭС салудың нақты мерзімі де белгіленгенімен, идея әлі күнге дейін жүзеге асырылған жоқ. Бұл мәселе «Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде сөз болды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Электроэнергетика және электротехника институтының директоры Жұбаныш Әбдімұратовтың айтуынша, Қазақстанның электрлендіру аймағын шартты түрде солтүстік, оңтүстік және батыс деп бөлуге болады. Солтүстік аймақта ахуал жаман емес: ол өңірде расында да энергия профициті байқалады және артық энергияны елдің оңтүстігіне жөнелтіп, тағы бір бөлігін Ресейге сатып жатыр. Оңтүстік аймақта электр энергиясы тапшы – солтүстіктен алуға тура келуде, бірақ қайта айдау кезінде энергияның ауқымды бөлігі амалсыздан жоғалып кетіп жатыр. Бұл энергияның 50% шығыны ретінде де көрініс тауып отыр. Ал сарапшылардың айтуынша 2027 жылға қарай мұның әлеуеті жоғалуы мүмкін. Оның үстіне, оңтүстік аймақ бүгінде қарқынды дамып, халық саны өсіп жатыр. Батыс аймақта да энергия қуатын генерациялаудың жетіспеушілігіне байланысты тапшылық бар және ол электр энергиясының импортына тәуелді. Сондықтан біздің елімізде расында да электр энергиясының артық көлемі болғанымен, жекелеген өңірлерде қазірдің өзінде тапшылық бар. Оңтүстік аймақта 2030 жылы электр энергиясының тапшылығы 2,7 ГВт жетуі мүмкін, соған байланысты АЭС салынуы тиіс. Қазақстанда генерациялайтын қуаттың негізгі бөлігінің қолдану мерзімі 40 жылдан асып кеткенін де атап өту керек. Сондықтан энергетикалық жүйені модернизациялау мәселесі туындап отыр. Осы арада АЭС-тің орнына жаңартылған энергия көздерін пайдалану туралы да айта кеткен жөн шығар. – Жаңартылатын энергия көздерінде электр энергиясының базалық генерациясын қамтамасыз ете алмаймыз. ГЭС орнататындай бізде өзен көп емес. Ал атом өнеркәсібі бізде біршама дамыған. Уран экспорты бар, жанармай элементтерінің өндірісі бар, ядролық отын зауыты іске қосылған. Бізде бұл тізбек жұмыс істеп жатыр және атом станциясы осы жүйеге үйлесіп тұр. Енді АЭС салынса біздің уран өз энергетикамыз үшін жұмыс істейді.

Егер АЭС-тің қолданылуы бойынша әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша, әлемде қуаты 391 ГВт болатын 439 реактор жұмыс істейді. АЭСті 32 мемлекет пайдаланады. Оның басым көпшілігі Еуропада, Солтүстік Америкада, Қиыр Шығыс Азияда және бұрынғы КСРО территориясында орналасқан. Қазіргі уақытта 19 елде электр қуаты 55 ГВт болатын 52 реактор салынып жатыр. Бұл ретте Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш және Түркия алғашқы атом электр станцияларын салуда, – дейді Ж. Әбдімұратов. Электроэнергетика және электротехника институтының директорының сөзіне қарағанда, дүниежүзі бойынша АЭС-та өндірілетін электр энергияның жартысы АҚШ пен Францияның үлесінде. Қазақстандағы АЭС-ке қарастырылып отырған реакторлар 3 немесе 3+ буыны анықтамасына сәйкес келеді. Бұл жоғары қауіпсіздік пен оң экономикалық көрсеткіштерді білдіреді. Қазіргі жетілдірілген технологиялар тәуекелді азайтуға кепілдік береді. АЭС-ті пайдалану мерзімін 60 жылдан 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Осы арада АЭС-тің артықшылығы мен кемшілігін де атап кеткен жөн. Артықшылығы: электр энергиясын өндіру арзан; 1000 МВт қуатқа ие ЖЭС жылына 8 миллион тонна оттегі жұтады. Ал АЭС оттегіні қажет етпейді. Жоғарыдағыдай зиянды түтін шығармайды; ЖЭС-ті құру үшін ірі көмір не газ кен орындары керек. Оларға көмір мен газ жеткізу көп қаражатты қажет етеді. Ал АЭС-ке қажетті уран бір жүк машинасымен ғана әкелінеді; Қолданылатын отын, қайта өңделіп оны тағы да отын ретінде пайдалануға болады; АЭС-тің қуаты өте жоғары (1000-1600Мвт). Кемшілігі: сәулеленген отын өте қауіпті, оны қайта өңдеу мен сақтау да қауіпті және оған өте көп шығын кетеді; АЭС салу үшін өте көп қаржы мен өте көп су керек болады; АЭС-те ураннан үлкен көлемде қалдық қалады. Оны сақтау үшін жерастында үлкен инфрақұрылым болуы қажет; АЭС-те апатты жағдай өте аз кездеседі. Бірақ апат бола қалған жағдайда, оның алдын алу мен радиацияны жою мүмкін емес. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековтің айтуынша, АЭС жобасы бойынша жұмыс соңғы жылдары тек сөз жүзінде ғана қалып қоймай, нақты шаруалар атқарылуда. Атап айтқанда, 2018 жылы ТЭН-нің маркетингтік бөлімі әзірленіп, тәуелсіз халықаралық сараптама жүргізілді. 2019–2021 жылдары жетекші сатушылардың міндетті емес техникалық-коммерциялық ұсыныстары алынды. Қытайдың – CNNC, Кореяның – KHNP, Ресейдің – Росатом, Францияның – EDF компанияларының ұсыныстары бойынша «Шорт-парақ» құрастырылды. Биыл ТЭН-нің маркетингтік бөлімі өзектендіріліп, Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту жөніндегі ВАК отырысында таңдау ұсынылды. Сондай-ақ, Кореяға, Францияға, Түркиядағы «Аккую» АЭС-не және Венгриядағы «Пакш» АЭС-не сапарлар өткізілді. 2023 жылы технология таңдалып, АЭС салу ауданы бойынша ҚР Үкіметінің қаулысы шығарылады. Ал 2025 жылы АЭС ТЭН әзірлеу мен мемлекеттік сараптау, 2028 жылы ЖСҚ әзірлеу және сараптау жүргізіліп АЭС құрылысы туралы Үкімет қаулысының қабылдануы жоспарланған. Содан кейін ғана 2029 жылы құрылыс монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) бастау мен жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылып, ҚМЖ 2034 жылы ғана аяқталып, 2035 жылы АЭС пайдалануға берілетін болады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді.

Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Жедел желі" бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты.

21 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы белгілі болды.

Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі.