АЭС бойынша референдумға қанша адам қатысты? Алдын ала деректер белгілі болды

Орталық референдум комиссиясында (Орталық сайлау комиссиясы) АЭС бойынша референдумға қанша адам қатысқаны жөнінде алдын ала деректер айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар 10:05-дегі жағдай бойынша мәліметтерді баяндады.

berekebank-affluent.kz

Подать заявку

favicon

Жарнама

Осы уақытқа дейін келгендердің үлесі 17,79 пайыз болады. Барлығы 2 178 593 адам дауыс берді.

1. Абай облысы бойынша — 15,36 пайыз;
2. Ақмола облысы бойынша — 17,18 пайыз;
3. Ақтөбе облысы бойынша — 19,21 пайыз;
4. Алматы облысы бойынша — 16,31 пайыз;
5. Атырау облысы бойынша — 17,11 пайыз;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 16,43 пайыз;
7. Жамбыл облысы бойынша — 16,19 пайыз;
8. Жетісу облысы бойынша — 18,08 пайыз;
9. Қарағанды облысы бойынша — 30,63 пайыз;
10. Қостанай облысы бойынша — 16,90 пайыз;
11. Қызылорда облысы бойынша — 20,91 пайыз;
12. Маңғыстау облысы бойынша — 16,45 пайыз;
13. Павлодар облысы бойынша — 14,04 пайыз;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 15,83 пайыз;
15. Түркістан облысы бойынша — 18,56 пайыз;
16. Ұлытау облысы бойынша — 17,40 пайыз;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 17,85 пайыз;
18. Астана бойынша — 20,04 пайыз;
19. Алматы бойынша — 8,86 пайыз;
20. Шымкент бойынша — 19,56 пайыз.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.

Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты.

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...

ҚазБСҚА аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі жоғары

ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) аумағында орналасқан сайлау...

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.