Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, маусым айының басында Жамбыл облысы тұрғындарының саны 1,2 млн адамды құрады. Әділет департаментінің алғашқы жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына қарағанда, облыс адвокаттарының жалпы саны – 259. Былтырғы сәйкес кезеңде оның саны – 260 болатын. Биыл 2 адокаттың лицензиялары қайтарылып, 8 адвокаттың лицензиясы уақытша тоқтатылды.
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша 95 адвокатпен, 32 заң консультанттарымен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасалынды. «Адвокаттармен заң көмегін көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 150 млн теңге бөлініп, 73 107 911 теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде соттар, тергеу жəне анықтау органдары 3478 қаулы шығарды. Оның 3404-і қылмыстық істер, 45-і азаматтық істер, 29-ы əкімшілік, 251-і адвокаттармен консультациялар, 152-сі заң консультанттармен консультациялар бойынша. Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны – 3 881 адамды құрады. Жамбыл облысы бойынша «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындауға құқық қорғау органдарынан 518 сұраныс келіп түсті. Оның 402-сі бойынша адвокат тағайындалды», – дейді Жамбыл облысы Əділет департаментінің басшысы Мейіржан Исабеков. М. Нұржанұлының айтуынша, «Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы» мүшелігінде 203 заң консультант бар. «005» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде заң консультанттары тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны – 152. Алты айда заң консультанттарына қатысты барлығы 8 өтініш түсіп, оның біреуі негізді деп танылды. Ал облыс нотариустарының жалпы саны – 214. Жыл басынан бері нотариустармен жасалынған нотариаттық іс-əрекеттердің жалпы саны – 263 817 болды. Олардың бюджетке аударылған 10 пайыздық сомасы 73 205 726 теңге. Яғни, бір нотариустың орташа айлық жүктемесі 205,5 нотариаттық іс əрекетті құрады,
–Жыл басынан бері нотариустардың əрекетіне 225 шағым келіп түсті. Оның ішінде негізделгені екеу. Нотариаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы факті орын алмады. Облыс соттары облыс нотариустарына қатысты жеке ұйғарымдар шығарылмады. Осы арада нотариаттық қызметі бойынша табысты іске асырылған «Цифрлық нотариат» жобасын атап өткім келеді. Қазіргі таңда Жамбыл нотариаттық округы нотариустарының мəліметтеріне сəйкес олармен 4049 – онлайн-сенімхат, 1472 – онлайн-келісім, 3 – онлайн-кеңес беру, 441 өтініш онлайн қуəландырылған. 2026 жылдың жартыжылдығында адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттауға барлығы 50 өтініш беріліп, оның төртеуі ғана аттестатталды. Ал нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 22 өтініш берілді, оның екеуі ғана аттестаттаудан өтті. Сондай-ақ жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына 15 өтініш беріліп, оның біреуі ғана аттестаттаудан өтті, – дейді Жамбыл облысы Əділет департаментінің басшысы Мейіржан Исабеков. Оның айтуынша, Əділет департаменті жəне оның құрылымдық бөлімшелері, халықтың құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту жəне өз құқықтары бойынша ақпараттандырылған азаматтардың санын арттыру мақсатында биыл 675 іс-шара ұйымдас тырған. Сонымен қатар, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету жəне азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, департамент басшылары тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»


