12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Адамның ісіне қарап өзін таны

Адамның өмірі кітап секілді көлемімен емес, мазмұнымен өлшенеді демекші, Сұлтан Сартайұлы өмірін Қазақстанның жарқын болашағына арнап, заман қиындықтарына қарамай еліміздің қарқынды дамуы үшін тер төккен азамат.

Ғалым еңбек жолының біраз жылын еліміздің жарқын болашағының негізі – білімді де білікті жастарды тәрбиелеп, қалыптастыруға, сол арқылы еліміздің өркендеп дамуына қызмет етуге арнады. 1952 жылдан бастап өмірінің соңына дейін оқытушылық қызметке атқарды. Сонымен қоса, мемлекет пен қоғамның істеріне белсене қатысып, жауапты қызметтер атқарды.

Сұлтан Сартаев Қазақстан Республикасының шынайы егемендігінің, тәуелсіздігінің негізі қаланған, алғашқы баспалдағы болған тоқсаныншы жылдың басында баға жетпес еңбектер атқарды. Осы жылдары мемлекетіміздің шынайы егемендігін орнықтырып, тәуелсіз мемлекет ретінде қарқынды дамуы үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Соның ішінде Декларацияның дайындалуы мен бекітілуіне ерекше үлес қосты, шынайы ұлтжанды азамат ретінде ол бұл тарихи актінің әрбір сөзіне үлкен мән беріп, оның ережелерін толғана отырып жазды. Әлі де болса қылышынан қан тамып тұрған кеңестік империяның ықпалынан толықтай ажырап кете алмаған тұста қазақ елі үшін мұндай тағдыркешті тарихи актіні қалыптастыру, жазып шығу нағыз ұлтжанды, елі үшін өзін құрбан етуге даяр жандардың ғана еңбегі деп айтсақ артық кеткеніміз болмас. Ғалым сондай-ақ «Азаматтық туралы», «Тілдер туралы» заңдардың авторы атанды.

Сұлтан Сартайұлы Ата Заңның жобасын құрып, оны қабылдаудың бастауында тұрған біртуар азаматтың бірі. Еліміз егемендік алғаннан бері ол отандық заңнаманы қалыптастыруға, сол арқылы демократиялық құндылықтарды құқықтық бекітуге зор үлес қосты. Сартаев С.С. еліміздің 20-дан астам маңызды заңдарына талдау жасап, қазақстандық президенттік басқарудың теориялық негіздерін қалады.

Ғалым өз өмірін халқына және ғылымға шексіз қызмет етуге арнады, осылайша өз замандастары үшін ғана емес, қазақстандық ғалымдардың жас ұрпағы үшін де үлгі бола білді. С.Сартаевтың негізгі зерттеу бағыты Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс және халық өкілдігінің органдарын қалыптастыру мәселесі болды. Ол өз еңбектерінде патша өкіметінің қазақ қоғамының тұтастығына, ішкі бірлігіне іріткі салған, қазақтарды жерлерінен айыруға арналған түрлі құқықтық құжаттар мен актілерді талдап, шынайы бағасын берді. Өзінің терең ой-санасы мен даналығының, табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында Сұлтан Сартаев Қазақстанның заң ғылымын дамытуға, өкілді билік органдарының ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты және адам мен азаматтың құқықтары аясындағы құқықтық мәселелерді шешіп әзірлеуге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, жоғары білікті заңгерлерді дайындауға үлес қосты.

«Адамның ісіне қарап өзін таны» демекші, дана ғалым, ойшыл ұстаз Сұлтан Сартайұлы табанды еңбегімен өзін мойындатқан, еліне сыйлы бола білген жан. Оның өмірі бекер өткен жоқ. Ол артына жарқын із, өшпес мұра қалдырды. Жақсының өзі өлсе де, аты өлмейді демекші Сұлтан Сартаевтың аты да, артында том-том болып қалған еңбектері де мәңгілікке тура жолды сілтейтін ғұмыр иесінің, отансүйгіштік пен даналықтың үлгісі боп қалатыны хақ.

А.Жарболова,

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Заң корифейі

Академик С.Сартаев Қазақстандағы заң білімі мен ғылымының дамуына, Қазақ...

Өмірі – өнеге

Сұлтан Сартайұлы 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған...

ЕГЕМЕНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСТІ ҚАДАМ

2025 жыл – Қазақстан үшін тарихи жады мен мемлекеттік...

Егемен елдің еңсесі биік

"25 қазан еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін – маңызды күн....

Қазақстандық құқықтану мектебінің патриархы

«Тәуелсіздік – ұран емес, нақты нормалар мен рәсімдер жүйесі» Әл-Фараби...