«Адами өзара қарым-қатынас» психологиялық тренингі

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде ағымдағы жылдың 7ші қазанында
«Жусан» операциясымен елге оралған экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен таза ауада тимбилдинг өткізілді.
Шараның мақсаты — жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, өзара қарым-қатынасты нығайту. Біртұтас команда моделін қалыптастыру, жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру.
Командалық “Қуыршаққа тілек” ойынында өзара сенім қалыптастыру, шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою жасалды.
“Шеңбердегі тапсырма” ойынында топтың әрбір мүшесінің әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларын дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйретілді.
“Нейропсихологиялық жаттығуда” сотталған азаматшаның жүйке жүйесін тыныштандыру, нейро жаттығу және ұсақ қол моторикасы арқылы релаксация жасалды.
“Apple, banana, orange” ойынында ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру, топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағытталды.
Шара соңында барлық қатысушыларға сыйлық үлестірілді.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...