Адам саудасы – ең ауыр қылмыс

Әлемдік қауымдастық 30 шілдеде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтті. Қазақстан 1926 жылы қабылданған «Құлдық туралы» конвенцияны 2008 жылы ратификациялады. Ал 2024 жылдың 5 шілдесінде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды.

Биыл 24-30 шілде аралығында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты ақпараттық науқан өткізілді. Өйткені адам саудасымен байланысты қылмыстардың 4 түрі бар. Олар: адамдарды еңбекке жəне жыныстық қанау; асырап алу мақсатында жаңа туған баланы сату; адам ағзалары саудасы; қайыр сұрату. Мəселен, бала сату деректері бірнеше жыл бұрын Жамбыл облысында да тіркелген болатын. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Бахыт Байдуановтың айтуынша, өткен жылдары Тараз қаласында аурухананың екі акушерімен жаңадан туылған нəрестені сату дерегі анықталып, ҚКнің 135-бабының 2-бөлігі бойынша сот үкімімен екеуіне де сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. «Жыл басынан бері облыс аумағында республикалық «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір кезеңі өтті. Онда «Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату, «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру; «Жеңгетайлық» бойынша екі-екіден 6 құқық бұзушылық тіркелді. Өңірдің сауықтыру кешендерінде (сауналар, моншалар) жыныстық қанауға ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, түрлі санаттар бойынша барлығы 16 адам жаңадан есепке алынды. Оның, 14-і «Жезөкше» санаты бойынша, сондай-ақ «жеңгетай» жəне «дəстүрлі емес бағыттағы тұлға» санаттары бойынша. Одан өзге, бекітілген кестеге сəйкес Полиция департаменті, облыстық прокуратура, еңбек инспекциясы жəне «Жандану» қоғамдық бірлестігі өкілдерінен құрылған мобильдік топ мүшелерімен еңбекті қанау деректерін анықтау мақсатында облыстың шаруа қожалықтары мен фермерлік алқаптарына шығумен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Есептік мерзімде облыстың Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Талас, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарындағы 30 шаруа қожалығы тексерілді. Сонымен қатар, жеке кəсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жəне акционерлік қоғам басшыларының қатысуымен 22 жұмыс кездесуі өткізілді», – дейді Бахыт Бекболатұлы. Оның айтуынша, адам ағзаларын сату, жаңа туылған балалардың саудасы, сондай-ақ интимдік қызмет көрсету деректерін анықтау мақсатында əлеуметтік желілер, мессенджер жəне түрлі сайттарға мониторинг жүргізу барысында 3 474 сайт бұғатталды. Меморандум келісімі аясында мемлекеттік органдармен жəне үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, халыққа жеткізу мақсатында «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында ауқымды ақциялар өткізіліп, 1600 данадан астам ақпараттық парақшалар таратылды. Одан өзге, осы тақырыпқа байланысты 5 жұмыс кездесу, 1 семинар жəне 1 дөңгелек үстел өткізілді. Қаланың адамдар көп жүретін қоғамдық орындарында 116-16 сенім телефоны жазылған «Адам саудасына қарсымыз» тақырыпты LED экрандар орналастырылды. Сондай-ақ балаларға арналған шұғыл психологиялық көмек көрсету жəне кеңес беру бойынша Бірыңғай «111» «Call-орталығы» сенім телефондары өткен жылдан бері іске қосылды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...