АДАЛДЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, мемлекет пен халық арасындағы сенімге нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыс. Ол заң үстемдігі қағидаттарының сақталуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына да теріс ықпал етеді. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір азамат үшін маңызды міндет болып саналады.
Бүгінде елімізде ашықтықты, әділдікті және жауапкершілікті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрландыру үдерістерін дамыту және қоғамдық бақылауды күшейту сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі артып келеді.
Сот жүйесінде де адалдық қағидаттарын сақтау басты назарда. Қызметтік міндеттерді орындау барысында заң талаптарын қатаң ұстану, кәсіби әдеп нормаларын сақтау және азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық таныту маңызды рөл атқарады. Әрбір қызметкер өз әрекеті арқылы әділдік қағидаттарының нығаюына үлес қосуы қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Қоғамда заңға құрмет, адал еңбекке деген көзқарас және парасаттылық құндылықтары орныққанда ғана бұл кеселдің тамырына балта шабуға болады. Сондықтан әр азамат заң бұзушылықтарға бейжай қарамай, әділдік пен адалдық қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға тиіс.


Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас-маман сот отырысының хатшысы Өтелова Б.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...