«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржан және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Есмаганбетова Анар Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар-кездесу өткізілді.

Жиынға Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында, Нұржан Узбехановпен:

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі;
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер;
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу;
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар көтеріліп, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы жеткізілді.

Семинар барысында Мемлекеттік қызметке кіру тәртібінің жаңа форматы туралы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 16 бабына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Узбеханов және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Есмаганбетова

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...