«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Узбеханов Нұржанмен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Сонымен қатар жиынға Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Малдыбаев Қазыбек қатыстысып, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударды.

Жиынға Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кезедсу барысында, Нұржан Узбехановпен: 

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

         Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар көтеріліп, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

         Бұдан бөлек, кездесу барысында Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілген жеткізді.

Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. 

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Узбеханов Нұржан.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...