«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының м.а. Узбеханов Нұржанмен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Жиынға Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кезедсу барысында, Нұржан Узбехановпен: 

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

         Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар көтеріліп, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

         Бұдан бөлек, кездесу барысында Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілген жеткізді.

Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. 

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының м.а. Узбеханов Нұржан.

Кассациялық сот жүйесі

Сот – мемлекеттегі заңдылық пен қауіпсіздіктің тірегі. Азаматтардың мемлекеттегі...

ЗАҢҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

24 маусым күні еліміздің судьялар қауымдастығы Судья күнін атап...

Открытость и доступность уголовного судопроизводства для граждан

В современном обществе открытость и доступность уголовного судопроизводства являются...

Аумақтан тыс соттылық: әділ соттың кепілі

​Қоғамда әділдік орнатудың басты тетіктерінің бірі – сот жүйесі....

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының...