Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа үлгі, елінің қадір-қасиетіне бөленіп, сот жүйесінің тарихынан орын алған тұлғаға арналмақ.
Бағдат Советұлы Серғалиев сот жүйесінде 22 жылдан астам судья лауазымында қызмет атқарып келе жатқан беделі биік судья. Көптеген лайықты шәкірттер тәрбиелеген тұлға.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы заң кеңесшісі болып бастаған, 1992 жылы Балқаш қаласының Прокуратурасында аға тергеуші болып қызмет атқарған. Құқық қорғау органдары саласында біраз жылдар қызмет атқарған соң, 2002 жылы Балқаш қалалық сотының судьясы болып тағайындалған. Приозерск қалалық, Жаңарқа аудандық соттарында төрағалық қызмет атқарып, 2017 жылы Қарағанды облыстық сотының судьясы болады, осы сотта қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда.
Бағдат Советұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің Үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Жеті жарғы» төсбелгісімен, облыстық сот төрағасының құрмет грамоталарымен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған.
Бағдат Советұлымен бірге қызмет атқарған кезеңі туралы Қарағанды облыстық сотының судьясы Қымбат Көміртасқызы: «Бағдат Советұлымен біз 90-жылдары Балқаш қаласында ол кісі прокуратура органдарында жұмыс атқарып жүрген кезінде таныстық. Содан кейін 2002 жылы ол алғаш рет Балқаш қалалық сотының судьясы болып тағайындалды, ол уақытта мен судья болып қызмет атқарып жүрген едім. Қазіргі уақытта екеуміз де ұзақ уақыт бойы Қарағанды облыстық сотында жұмыс істейміз.
Күнделікті жұмысында әділдіктің туын биік ұстап, ар мен заңды басшылыққа ала отырып, міне 20 жылдан астам судья лауазымында абыройлы еңбек етіп келеді. Бағдат Советовичті біле отырып, көптеген жылдар бойы оған қылмыстық істерді қарау кезінде кез келген қиын сәтте сенуге болады деп айта аламын, ол өз ісінің кәсіби маманы, өз жұмысында талапшыл, әділ, қатал, көп жылдық жұмыс тәжірибесімен бөлісетін көптеген жас судьялардың тәлімгері.
Сонымен қатар, көп балалы әке, жақындары мен туыстарының арасында, достары мен әріптестерінің ортасында ол өте сыйлы, көңілді және позитивті адам. Ол кісі — Қарағанды облысы соттары ұжымында ғана емес республика көлемінде абыройы биік, үлгі алатындай зор тұлға.
Бағдат Советовичті мерейтойы қарсаңында шын жүректен құттықтағым келеді. Әрине, ең алдымен оған және ол өте жақсы көретін анасына, туыстары мен жақындарына амандық пен бақыт тілей отырып, барлық жоспарлары мен армандары орындалуына шын жүректен тілектеспін»-деген жүрекжарды тілегін білдірді.
Бағдат Советұлын бізде өз тарапымыздан құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, сарқылмас қуат, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!
Қарағанды облыстық соты