«Абайдың толық адам ілімінің негіздері» және «Ұлы Абаймен үндесу» атты екі кітаптың тұсауы кесілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын кеңінен атап өту арқылы оның рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа «Толық адам» ілімін терең түсіндіру, ұлттық тәрбие мен рухани жаңғыру құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик Оразалы Сабден, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Мәдениет саласының үздігі Саят Қамшыгер, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, абайтанушы ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының бас ғылыми қызметкері, абайтанушы ғалым Жабал Шойынбеттің «Абайдың Толық адам ілімінің негіздері» кітабы мен «Ұлы Абаймен үндесу» жас ақындардың жыр жинағының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ «Абай дара, Абай дана қазақта» атты республикалық жастар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды.

Университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөзінде:

«Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Алшынбекұлы Шойынбет хәкім Абайдың даналығының қалыптасу және даму кезеңдерін ғылыми түрде жүйелеп, Абай мұрасының терең әрі жан-жақты зерттелуіне зор үлес қосып келеді. Абайдың «Толық адам» ілімін бүгінгі таным тұрғысынан абайтану саласындағы қол жеткен жетістіктерге сүйене отырып зерттеліп, жаңаша әрі тың ой-пікірлер айтуы еңбектің ғылыми ауқымын кеңейтіп, бағыттарын аша түскен. Еліміздің рухани білімі мен заңғар ғылымына қосылған тағы бір маңызды үлес – «Абайдың Толық адам ілімінің негіздері» атты кітаптың жарық көруімен баршаңызды құттықтаймын!», – деді.

Сондай-ақ ол «Ұлы Абаймен үндесу» жас ақындардың жыр жинағына мектеп оқушылары, университет студенттері және жас ақындардың Абай рухымен үндескен жырлары жинақталғанын атап өтті.

Айта кетейік, 10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Ал бүгінгі Абай университетінде өткен тағылымды шарада Абай ілімін насихаттауға зор үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен шығармашыл жастар бас қосып, ұлт болашағына рухани серпін беретін игі үрдістің жарқын үлгісін көрсетті.

Адамға бағдарланған мемлекет тұрақтылық кепілі

Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты халық мүддесіне қызмет ету арқылы...

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...

Сот отырысының хатшысы — сот төрелігін жүзеге асырудағы негізгі фигуралардың бірі

Сот төрелігін жүзеге асыру — мемлекетте заңдылық пен әділдікті...

Сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау

Конституция — мемлекеттің басты құқықтық тірегі әрі азаматтардың бостандықтары...

Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы

Кешегі Абай мен Ыбырайдың жалғасы, Шоқан салған ағартушылық жолды,...