12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори ханым 10 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып, «Құқықтық диалог» халықаралық іс-шарасына қатысты. Мәртебелі мейман алқалы отырыста әлемдік деңгейдегі адам құқығына байланысты пікірілерін ортаға салып, құқықтық мемлекет құрудағы Қазақстан бастамаларына жоғары баға берді.


ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов «Құқықтық диалогтың» модераторы ретінде басқосуды Клэр Бази-Малориге «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалін тапсырудан бастап, құрметті қонаққа деген еліміздің ыстық ықыласын жеткізді. Ал салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп мұндай диалогтың Қазақстан үшін аса маңызды екеніне тоқталып, адам құқықтары жөніндегі іс-шараға сәттілік тіледі.


Халықаралық шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты және Лотарингия университетінің филиалы мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды. Диалог жұмысына ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Парламенттің заңнама және құқықтық реформа комитеттері, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігі, сондай-ақ БҰҰ өкілдері, Францияның жетекші заңгерлері және еліміздің ғылыми қауымдастығы қатысты.


ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Zoom» платформасы арқылы сөз сөйлеп, Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөліне тоқталса, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айнұр Сәбитова баяндама жасады.


Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори өз баяндамасында конституциялық бақылаудың заманауи тәжірибесін талдап, адам құқықтарын қорғаудағы халықаралық стандарттардың маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы тек ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін демократиялық құндылықтар мен құқықтық мемлекет қағидаттарын жаңаша түсінуге мүмкіндік беретін маңызды белес.


Елші Сильван Гиоге Қазақстан мен Франция арасындағы білім, мәдениет және құқық саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, мұндай халықаралық құқықтық диалогтың заң үстемдігін нығайтып қана қоймай, жастарға әлемдік тәжірибеден үйренуге жол ашатынын және екі елдің заң саласындағы серіктестігін одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.


Жиын соңында университет студенттері халықаралық сарапшыларға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша, халықаралық «Құқықтық диалог» алаңы Қазақстандағы құқықтық мәдениетті нығайтып, заңнамалық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған маңызды бастама ретінде өз маңызын айқындады.

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...