12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай университетінде «Әлемнің бақытын сыйлаған-Ана» мерекелік кеші өтті

2025 жылдың 7 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен оқу орнының арулары мен аяулы аналарына арналған «Әлемнің бақытын сыйлаған — Ана» атты мерекелік кеші өтті.

8 наурыз — халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілген шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп бастаған басқарма басшылары, профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиын шымылдығы университет ректоры Болат Тілептің құттықтау тілегімен түрілді. «Білімнің қара шаңырағы саналатын ұлттық университетіміздің ұрпақ тәрбиесінде сіңірген еңбегі ұшан-теңіз деп білемін. Ұлағатты ұстаздарымыз ұл-қыздарға сапалы білім ғана емес, саналы тәрбие беру жолында да аянбай тер төгіп келеді. Бұл тұста әрине, оқу орнындағы әйелдер қауымының қызметі орасан зор. Отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, мемлекеттік қызметке, саясатқа және қоғамның тағы басқа салаларына белсенді араласып, абыройлы еңбек етіп жүрген барша қадірлі ұстаздарымызды және әйелдер қауымын осынау әдемі мерекемен құттықтаймын. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, абыройларыңыз арта берсін!»,-деді ректор.

Мерекелік шара оқу ордасына лайықты түрде еңбегі сіңіп келе жатқан нәзік жандыларды марапаттау рәсімімен жалғасты. Абай университетінің бірнеше оқытушысына Басқарма төрағасы — ректордың «Айырықша еңбегі үшін» төсбелгісі табысталса, тағы бірнеше қызметкер «Құрметті қызметкер», «Үздік қызметкер», «Үздік ұстаз» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиын күтпеген тосын сыйларға толы өтті. Университеттің цифрландыру жөніндегі проректоры Нұркен Мырзабаев, зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау аруларға арнап әсем әннен шашу шашты. Ал, жігіттер қауымы залда отырған нәзік жандыларға көздің жауын алатын, түрлі-түсті қызғалдақтарды тарту етті.

Концерттік бағдарлама барысында профессор-оқытушылар құрамы әртүрлі өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін кіргізді. Аяулы аналар мен сұлу қыздардың құрметіне қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары — Дидар Кәден, Роман Майғазиев әсем әуендерін арнап, көрермендерге ерекше шабыт пен эмоция сыйлады.

Көңілді кеш соңы қазақтың қара домбырасында «Made in KZ» тобының орындауындағы хит әнге жиылған көпшілік көрерменнің әдемі вальсі ерекше үйлесім тауып, «Ана туралы жыр» әнін өнерпаздармен бірге қосыла шырқауымен аяқталды.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...