Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың отбасына
арналған жаңа жылдық ғажайып сыйлады.

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері жедел бөлімінде 20 жылдан аса қызмет атқарған зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың балаларына арналған нағыз мерекелік тосынсый ұйымдастырды.
Қызметкерлер Аяз ата мен Ақшақардың кейпіне еніп, сиқырлы көңіл күй қалыптастырды: әуен
ойналып, құттықтау тілектері айтылып, балалардың көңіл-күйлері көтерілді. Балалар жаңа жылдық тақпақтарын
қуана оқып, көптен күткен сыйлықтарына ие болды.
-Қай — қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2026 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады.
Жаңа 2026 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Баршаны жаңа 2026 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2026 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!,-деп бөлісті мекеме бастығы Женисбек Толеубекович.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...