Абай облысындағы мекемеде қызметкерлерді «Полиция күні» мерекесіне орай зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Абай облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекемесінің жеке құрамы «Полиция күнін» салтанатты түрде атап өтті. Салтанатты жағдайда мекеменің бес қызметкері зейнеткерлікке шықты. Енді мекеме бастығы Бауыржан Тоқтыбаев, бастықтың екі орынбасары Нұржан Шидебаев, Мақсат Ихсанов, мекеме бастығының кезекші көмекшісі Рүстем Идрышев, арнайы есеп бөлімінің бастығы Индира Оспанова зейнеткер атанды.
Барлық зейнеткерлер қылмыстық-атқару жүйесінде ешбір ескертусіз, шүбәсіз 20 жылдан астам еңбек еткен жандар. Ішкі істер органдарында қызмет атқара жүріп, әрбір қызметкер еңбек сіңірген жылдары қылмыстық-атқару жүйесіне белгілі бір үлес қосты, адал қызметі үшін «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды; Мекеменің футбол командасының капитаны Рүстем Идрышевтың арқасында өткен жылдар ішінде мекемелер арасында футболдан облыс чемпион болған-мекеме футбол командасын ешкім басып озған емес.
Олар жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен білімін мекеменің бірнеше жыл бойы қызметкерлердің басшылығымен жұмыс істеген жас қызметкерлеріне табыс етті.
«Зейнеткерлердәі әрқайсысына: мінсіз қызметі, жас қызметкерлерге тәлім-тәрбие беріп, тәлімгерлік көрсеткені үшін алғыс айтамыз», — деді мекеме бастығы Аслан Нұрбеков.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...