Абай облысында жастарға кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілі қолданылды

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілі қолданысқа енді. Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін, Семей қаласындағы қауіпсіздіг аралас мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлері, жастар мен олардың ата-аналары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды.
«Ашық есік күні» іс-шарасына келген жастар мен ата-аналарға арнайы әзірленген бағдарлама бойынша, көрнекті құралдар мен бейнежазба арқылы, қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу туралы толық қанды ақпарат ұсынылды.
Мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім бастығы Д.Г.Жумаханова келгендерге, қылмыстық-атқару жүйесі қызметтің беделі, лайықты еңбекақы, тегін нысанды киім-кешек және көлемді әлеуметтік қолдау сияқты артықшылықтар туралы айтты. Полиция қызметкерлерінің адамдарды қылмыскерлерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы зор жауапкершілікті, кейде тәуекелді талап ететіндігін атап өтіп, мемлекет қызметкерлердің барынша қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу тегін екендігіне де тоқталды.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...