Абай облысында жастарға кәсіби бағдар беру жұмысы ауылдарға шығу арқылы жүргізілуде

Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері, жастарға кәсіби бағдар беру жұмысын ауылдарға шығу арқылы жүргізуде. Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін, Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлері, Аягөз қаласында орналасқан 14 мектепке баруды ұйымдастырды.
Қала мектептерінің 10-11-сынып оқушыларына арнайы әзірленген бағдарлама бойынша, көрнекті құралдар мен бейнежазба арқылы, қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу туралы толық қанды ақпарат ұсынылды.
Мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі қызметтің беделі, лайықты еңбекақы, тегін нысанды киім-кешек және көлемді әлеуметтік қолдау сияқты артықшылықтар туралы айтты. Полиция қызметкерлерінің адамдарды қылмыскерлерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы зор жауапкершілікті, кейде тәуекелді талап ететіндігін атап өтіп, мемлекет қызметкерлердің барынша қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу тегін екендігіне де тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша, бір үміткер ҚР ІІМ Қ.Шырақбаев атындағы Акамедия, бірнеше үміткер мекемедегі жинақталмаған бақылаушы лауазымына тіркелді.

Абай облысындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және...

В учреждении минимальной безопасности области Абай проведены пожарно-тактические учения

В целях предупреждения чрезвычайных ситуаций, обеспечения пожарной безопасности и...

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету – баршамыздың міндетіміз

Сот төрелігі – қоғамдағы әділдіктің өлшемі. Ал әділ сот...

Қазақ тілі – ана тілі

Қазақ тілі – халқымыздың талай тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінгі...

Мемлекеттік тіл – ұлттық және рухани бірліктің басты факторы

Тіл – бірліктің бастауы, ал бірлік – мемлекеттің беріктігінің...