12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген сотталғандардың эмоционалдық жағдайын бағалау және жазаны өтеу жағдайларына сәтті бейімделуге әсер ететін факторларды айқындау мақсатында, сотталғандардың арасында психологиялық бейімделу деңгейін анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жұмыс барысында мамандар мазасыздық, өзін-өзі бағалау және тұлғааралық қатынастар деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи психодиагностикалық әдістемелерді пайдаланды. Зерттеуге әртүрлі қылмыс санаттары бойынша жазасын өтеуге мекемеге жаңадан келген барлық сотталғандар қатысты.
Зерттеу нәтижелері бойынша бейімделу кезінде ең көп қиындықтар мекемеге келген алғашқы айларда байқалатыны анықталды. Кейбір қатысушыларда жоғары мазасыздық пен эмоционалдық ширығу деңгейі тіркелді. Сонымен қатар еңбек қызметіне, білім беру бағдарламаларына және мәдени-тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын сотталғандар неғұрлым тұрақты психологиялық күйде болатыны анықталды.
Біз өз жағдайымызды енді өзгерте алмаған кезде, біз өз алдымызға өзімізді өзгерту міндетін қоямыз, осы принцип-сотталғандардың ішкі тұрақтылығын және конструктивті өзін-өзі реттеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған психокоррекциялық жұмыстың негізінде жатыр. Мұндай зерттеулер бейімделуде қиындық көріп жүрген тұлғаларды дер кезінде анықтап, оларға қажетті психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ұжымдағы жанжал деңгейін төмендетіп, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді, – дейді мекеменің психологы Арайлым Кәдірбекова.

Мекеменің психологиялық қызметі алдағы уақытта сотталғандардың бейімделу динамикасын зерттеуді жалғастырып, эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға және конструктивті мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жаңа психокоррекциялық әдістерді енгізуді жоспарлап отыр.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...