Абай облысында тыл еңбеккерлеріне Президент атынан мерейтойлық медальдар табыс етілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Роллан Жұмажанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов және №19 мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов тыл еңбеккерлеріне арнайы барып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Департамент қызметкерлері жалпы он бес тыл еңбеккеріне барды, олардың бесеуі — ҚАЖ саласының ардагерлері.

Тыл еңбеккерлері есіктерін қаққан қызметкерлерді жылы қарсы алып, әрқайсысы өз өмір жолымен бөлісті.

Мысалы, 1936 жылы туған, Семей облысының Новопокров ауданының тумасы Владимир Лукич Андрейтцев соғыс жылдарында мектеп оқушысы бола тұра, шамамен бір жыл тылда еңбек еткен. 1952 жылы Семей қаласындағы кеңес сауда техникумына «бухгалтерлік іс» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге оқуға түсіп, кейін ИТК №7 мекемесінде жедел бөлімнің жедел уәкілі қызметін атқарған. Ақыл-парасаты мен табандылығының арқасында жедел бөлім бастығы, кейін режимдік бөлім бастығы болып тағайындалады. 1981 жылы ИТК-11 мекемесінің бастығы болып тағайындалып, 1983 жылы ішкі қызмет подполковнигі шенінде зейнетке шықты.

Қызмет барысында Владимир Лукич құрмет грамотасымен, милицияның 50 жылдығына арналған медальмен, Қазақ КСР ІІМ-нің «Еңбек ардагері» медалімен және Семей облыстық ІІБ басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бүгінде ол 1952 жылы техникумда танысқан жарының қасында өмір сүруде. Содан бері жұбайы әрдайым жанында болған. Екі ұл, бес немере тәрбиелеп өсірген. Балалары басқа қалада тұрғанымен, олар ата-аналарын жиі зиярат етуге тырысады.

Барлық тыл еңбеккерлері департамент қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік пен отбасылық амандық тіледі. Еңбек ерлерінің әрқайсысында өздеріне көрсетілген құрметке деген толқу мен қуаныш сезілді. Он бес еңбеккердің сегізі — әйелдер. Жастарына қарамастан, олардың әрқайсысынан нәзіктігімен қатар, соғыстағы Жеңіс үшін тылда еңбек еткен ерлігі мен қайсарлығы сезілді.

— Құрметті ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің төзімділіктеріңізге, батырлықтарыңызға және Отанға деген адалдықтарыңызға мың алғыс. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен ерліктеріңіз біздің жүрегіміз бен санамызда мәңгі сақталады. Сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әр күніңіз қуанышқа, қамқорлық пен лайықты құрметке толы болсын. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз — біздің үшін шынайы қазына. Еліміздің бейбітшілігі мен еркіндігі үшін рахмет! — деді департамент бастығының орынбасары Роллан Әукенұлы.

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...