Абай облысында №19 түзеу мекемесінің жеке құрамыарасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға бағытталған дәріс ұйымдастырылды. Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылған дәріске №19 мекемесінің барлығы 28 қызметкері қатысты.
Сондай-ақ, кездесуге Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрам бойынша инспекциясының қызметкерлері қатысып, «сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою» бағыты бойынша бейне-материалдарын назарға ұсынды.
Барлық қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және call-орталықтың 1424 нөміріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етті.


